ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Оқиғалар
Оқиғалар
11.05.2010 – Қазақстан факторы Версия для печати e-mail - ға жіберу
     Біздің республикамыз келесі жылы төрағалық ететін «Ислам конференция» Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінде сөз сөйледі. Ол ИКҰ мақсаты мен міндеті ЕҚЫҰ мақсаты мен міндетінен айтарлықтай ерекшеленбейтінін атап айтты, себебі қос ұйым халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған.
     Осыған байланысты ИКҰ мен ЕҚЫҰ арасындағы байқалатын ынтымақтастықты нығайту – бұл аталған құрылымдардың екіншісінде бүгінгі таңда төрағалық ететін Қазақстан елеулі орын алатын жағымды үрдіс. 2011 жылы ҚР жалпы алдағы өзара ықпалдастықты дамытуға нағыз байланыстырушы буын бола алады.

     Бұдан басқа, ИКҰ Бас хатшысы исламофобияның өсуіне назар аударды. Оның пікірінше, осы жағымсыз құбылыспен, төзімсіздік пен мұсылмандарға деген кемсітушілікпен күресте үйлестірілген күш салысу қажет, себебі бұл – тұрақтылық, бейбітшілік және қауіпсіздікке төніп тұрған аса қатерлі қауіптер қатарында тұр.

Толығырақ...
 
07.05.2010 – Ислам Конференциясы Ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу исламофобияның, мұсылмандарға деген төзімсіздік пен кемсітушіліктің өсуімен күресу үшін үйлестірілген ат салысу қажет. Версия для печати e-mail - ға жіберу
    «Біз қауырт жағдай туғызуда белсенді түрде қатысатын және діни себептермен опасыздық әрекет пен арандатушылық арқылы тұрақтылық, ынтымақ және тіпті бейбітшілікке қауіп төндіретін экстремистік элементтер дінді халықаралық қатынастардың күн тәртібіне енгізу жайындағы ақиқатты елемеу мүмкін емес», - деп ол, бейсенбі күні Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Тұрақты кеңесінің отырысында сөз сөйледі.
    «ИКҰ мақсаты мен міндеті ЕҚЫҰ-ның мақсаты мен міндетінен көп ерекшеленбейді, себебі біздің ұйымдарымыз халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қызмет етеді», - деп Ихсаноглу атап айтты.
    Қос ұйымның бар ынтымақтастығын нығайту – бұл жағымды үрдіс деп айтты ол, 2010 жылы ЕҚЫҰ-да төрағалық ететін және 2011 жылы ИКҰ-да да төрағалық ететін Қазақстан осындай ынтымақтастыққа ат салысуына болады.

Толығырақ...
 
06.05.2010 – Орыс шіркеуінде Сталинді қаһармандандырудан сақтандырады Версия для печати e-mail - ға жіберу
    Мәскеу. 6-мамыр. ИНТЕРФАКС – Мәскеу патриархатында КСРО-ның ешбір жетістіктері, соның ішінде фашисттерді жеңу, Сталиннің қылмыстарын ақтай алмайды деп Мәскеулік патриархат есептейді.
    «Сталиннің кезінде адамгершілікке жатпайтын жүйе құрылды, және оны ешнәрсе: индустрияландыру да, атомдық бомба да, мемлекеттік шекараларды сақтап қалу да, тіпті Ұлы Отан соғысындағы жеңіс те ақтай алмайды, өйткені бұның бәріне қол жеткізген Сталин емес, біздің көп ұлтты халқымыз», - деп Мәскеулік патриархаттың Сыртқы шіркеулік байланыс бөлімінің сайтында жарияланған СШББ-і басының орынбасары игумен Филипп (Рябых)-тың «Завтра» газетінің редакторына жолдаған хатында айтылады.
    Бұл хатты Филипп әке СШББ басы митрополит Иларион Волокаламскийдің атынан жолдады. Бұрында А.Проханов архиепископ Иларионға әміршіден мақалалардың бірінде айтылған тарихтағы Сталин тұлғасының рөліне деген ұстанымын түсіндіруді сұраған хатын жолдаған.

Толығырақ...
 
05.05.2010 - Патриарх Кирилл: "Ардагерлер – өміршең қаһармандар" Версия для печати e-mail - ға жіберу
    РПЦ МП басшысы сондай-ақ ардагерлерді жастармен өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге шақырды.

    Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі туралы тарихи естелікті сақтауға шақырды.

    "Халық жадында қашанда Отанды құтқару үшін өмірін қиған барлық адамдарға деген аңыздар, естелік, құрмет сезімдері сақталуы тиіс» - деді патриарх сейсенбі күнгі Құтқарушы Христ ғибадатханасында ардагерлермен кездесуінде.

    Оның сөздері бойынша, ардагерлердің «біздің тарихи тіршілігімізді қамтамасыз еткен» Жеңіске қосқан үлестері туралы есте сақтау, ресейліктердің «халық ретінде сақталуына» көмектеседі.


Толығырақ...
 
04.05.2010 - 18-20 мамырда Душанбе қаласында ИКҰ-ның 37-ші сессиясы өтеді Версия для печати e-mail - ға жіберу
    Бүгінгі таңда Ислам Конференциясы Ұйымына мүше-мемлекеттер өкілдерінің 30-ға жуығы Душанбеде үстіміздегі жылдың мамырының 18-інен 20-сына дейін өтетін ИКҰ–ның Сыртқы істер министрлер кеңесінің 37-ші сессиясындағы өздерінің қатысуын бекітті.
    Тәжікстанның сыртқы саяси ведомствосы өкілінің айтуы бойынша, кейбір ИКҰ-на мүше-мемлекеттерден Душанбе қаласына әуе қатынасының қиындықтарын ескере отырып, сессияның ашылуы қарсаңында Джидда және Дубай қалаларынан ТР-ның астанасына чартерлік әуе сапар ұйымдастырылатын болады деп «АзияПлюс» агенттігі хабарлайды.
    «Сессия өтетін отырыс залында намаз оқуға арналған бөлмелер ұйымдастырылады», - СІМ-дегі дерекнама белгілеп айтты.
    Тәжікстанда алғаш рет өтетін сессия барысында СІМ ақпараты бойынша саяси, экономикалық мәселелерді және халықаралық лаңкестікке қарсы күрес мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. «Сессияның ашылатын күні қатысушылар алдында ТР-ның президенті Эмомали Рахмон сөз сөйлейді деп күтілуде», - деп ақпарат көзі атап айтты.

Толығырақ...
 
<< Басына < Алдыңғы 11 12 13 14 15 16 Келесі > Соңына >>

Барлығы 136 - 144 из 144