ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
I Съез
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageБіздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.

Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді. І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды.

І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді.

Толығырақ...
 
Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съeзі Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageІ Съездің басты басымдылықтары:

- бейбітшілікті, келісім және төзімділікті адам өмір сүруінің қайтпас қағидаттары ретінде бекіту;
- діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу;
- адамдардың діни сезімдерін қақтығыстар мен әскери әрекеттерді өршіту мақсатында пайдалануға қарсы тұру.

І Съездің саяси міндеттері:

- дінаралық және конфессияаралық дәстүрлерді дінаралық съездер түрінде нығайту;
- келешек съездердің келісілген, жан-жақты және құзіретті идеологиясы мен тұжырымдамасын дайындау үшін Съездің үнемі әрекет ететін органын құру;
- орналасқан орны Қазақстан Республикасы болып Съезд Хатшылығын құру.

Съезд тақырыбы ретінде мынадай тезистер анықталды:

- әр адам өзінің діни сенімдеріне еркін ұстану мүмкіндігіне ие болуы керек;
- діни уағыздар мен діндер арасында айырмашылық зорлықты ақтау, жеккөрушілік пен қақтығыстар себебін ақтау үшін пайдаланбауы керек;

Толығырақ...
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің I съезінің ашылуында сөйлеген сөзі Версия для печати e-mail - ға жіберу

Image Құрметті съезге келген қонақтар мен қатысушылар!

        Әлемнің жетекші діндерінің өкілдерін байырғы қазақ жерінде қарсы алу мен үшін үлкен қуаныш және айтарлықтай құрмет. 
        Сіздердің шақыруды құп алып, осы форумға келіп қатысуға біздің шақыруымызға үн қосқандарыңыз үшін өзімнің және көпұлтты халқымыздың атынан үлкен алғыс айтамын. 

        Съездің Еуразияның нақ ортасында өтіп жатқандығы да қуанышты. 
        Көптеген ғасырлар бойы Ұлы Дала төсі көптеген халықтардың бейбіт мекені болды. Олар әртүрлі - тәңіршілдік, зороастризм, буддизм, хритиандық, иудаизм, ислам және басқа да діндерді ұстанды. 

        Бағзы заманнан күні бүгінге дейін біздің жеріміз сауда мен мәдени айырбастар арқылы Азия мен Еуропа арасын өзіндік бір байланыстырушы буын қызметін атқарып келеді. Ол бүгін де көптеген халықтар мен діндердің өкілдері үшін ортақ үй болып отыр. 

        Біз әлеуметтік-гуманитарлық бірегей феномен туралы мақтанышпен айта аламыз. Ол біздің Конституциямыздың бастауында өз көрінісін тапқан. Ата Заңымыз: «Біз - Қазақстан халқы...» деген сөздермен басталады. 

Толығырақ...
 
Бірінші съезінің декларациясы Версия для печати e-mail - ға жіберу

Біздер, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында 2003 жылғы 23-24  қыркүйекте өткен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Бірінші съезіне қатысушылар,

әр адамның өз дінін еркін таңдауы, көрсетуі мен тануы құқығын танып,

дінаралық келіссөздерді халықтар мен ұлттар арасында бейбітшілік пен келісімді қолдаудың маңызды аспаптарының бірі ретінде есептеп,

өркениеттер арасында келіссөздерді жылжыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының, өзге мүдделі халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ үкіметтер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың жұмылған күшін қолдап,

діннің барлық адамзаттың амандығы үшін маңыздығын растап,

дінді дұрыс танымауды және діндер арасындағы айырмашылықты жеке бастық, қиратушылық және зорлық мақсатқа қол жеткізу құралы ретінде бұрыс пайдалануды кіналап,

мыналарды

  • Адам өмірі сияқты қасиетті сыйлыққа және әр адамның намысына деген құрметтің азайып бара жатқан деңгейін,
  • Кедейлікпен, аштықпен, сауатсыздықпен, аурулармен, өнегесіздікпен, сондай-ақ таза су мен денсаулық сақтауға қол жеткізуді шектеумен туындайтын жан жақты тұрақтылыққа елеулі сынды,
  • Қанауды, қайырымсыздық пен зорлықты дауды шешудің басты аспабы ретінде пайдалануды,
  • Қазіргі және келешек ұрпақ үшін қауіпті зардапты әлемдегі экологиялық дағдарысты танып,

БЫЛАЙ ДЕЙМІЗ:

Толығырақ...
 
 

Iздеу