ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Қазақстан туралы
Қазақстан туралы
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат Версия для печати e-mail - ға жіберу

Image

Қазақстан Республикасы - Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан.

Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы - Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Ұлттық валютасы - теңге, 1993 жылы 15 қарашада енгiзiлген.

Мемлекеттiк құрылысы. Қазақстан - 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша - өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретiнде орнықтырды. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы - Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметiн жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екi адамнан сайланады. Сенаттың 7 депутатын Парламент өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс республиканың әкiмшілік-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бiр мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жетi депутаттан және партиялық тiзiм бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкiметтi Конституцияда белгiленген тәртiппен құрады. Тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестiң төрағасын республика Президентi тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергiлiктi соттары болып табылады. Жергiлiктi мемл. басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдiк (мәслихат) және атқарушы органдар (әкiмдiк) жүзеге асырады.

Қарулы Күштерi. Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғыл. мекемелердi қамтиды. Соғыс уақытында құрамына қорғаныс мин-не қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер мин-нiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, респ. "Ұлан", азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.

ҚР Қарулы Күштерiнiң басты мақсаты - елдiң егемендiгiн, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерiнен қорғау, жаугершiлiк немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу, Қазақстанның орнықты дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызу. Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген: әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, ҚР-ның мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау; әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемл. шекараның жедел-стратег. тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу; маңызды әскери нысандарды күзету; елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу; халықар. мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемл. шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi. ҚР Үкiметiнiң 2000 ж. 23 қарашадағы ғ1579 қаулысына сәйкес елiмiзде Оңтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық әскери округтерi құрылған. Оңтүстік әскери окуругiнiң қорғайтын жер аумағына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кiредi.

Округтiң орт. штабы Тараз қаласында. Шығыс әскери округi қорғайтын жер аумағына: Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары кiредi. Округтiң орталық штабы Семей қаласында. Батыс әскери округiнiң қорғайтын аумағына: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары кiредi. Округтiң орт. штабы Ақтөбе қаласында. Қазақстанның қалған облыстары Орт. әскери округiне қарайды. Орталық штаб - Қарағанды қаласында.

Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда. Осыған байланысты ҚР Қарулы Күштерiнiң әскери доктринасы орташа мерзiмдi кезеңге есептелiп жасалған (1999 - 2005) қорғаныстық сипатқа ғана ие. Ол әлемдегi және аймақтағы әскери-саяси жағдайды кешендi бағалауға, мемлекеттiң экон. болмысы мен материалдық қорының мүмкiндiктерiне сүйенедi. Доктрина Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгi стратегиясының негiзгi ережелерiн нақтылайды және шабуыл жасалған жағдайда елдiң қорғанысын ұйымдастыруға, ұжымдық әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi одақтас мемлекеттермен бiрлескен күш-жiгердi үйлестiруге бағытталған.

Табиғаты. Қазақстан Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы) оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.

Толығырақ...