ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Съезд
Съезд
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ- съезінің күн тәртібі Версия для печати e-mail - ға жіберу
 

Жоба

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ- съезінің

күн тәртібі

(2009 жылғы 1-2 шілде, Астана қ.)

1. «Төзімділікке, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлем құруда дін лидерлерінің ролі» тақырыбына пленарлық сессия.

2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезін өткізу күні мен орнын анықтау

3. «Адамгершілік және рухани құндылықтар, әлемдік этика» тақырыбына секциялық отырыста баяндама және пікірталас

4. «Келіссөз және ынтымақтастық» тақырыбында секциялық отырыста баяндамалар мен пікірталастар.

5. Әсіресе дағдарыс кезеңінде ынтымақтастық» тақырыбында секциялық отырыста баяндамалар мен пікірталастар

6. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің III Съезіне қатысушыларының үндеулерін қабылдау

 
Секциялық отырыстардың аннотациялық күн тәртібі Версия для печати e-mail - ға жіберу

Жоба

1-СЕКЦИЯ: «АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ӘЛЕМДІК ЭТИКА»

Адамгершілік және рухани құндылықтар адамзат мәдениетінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Руханилықты түсіну мен анықтауға түрлі тәсілдер бар. Біреулер үшін руханилық - бұл тіл, өнер, музыка, әдебиет және т.б. қоса мәдени мұра. Өзгелер үшін - руханилық тікелей дінмен және діни құндылықтармен байланысты. Әңгіме «руханилық» санатын зиялы және діни көрінуі туралы болып отыр. ХХ ғасыр «руханилықтың» зиялы түсінігіне баса назар аударды.

Үйлесімді рухани құндылықтар келісілген ұжымдық - жеке коммуникативтік практикасы жағдайда рухани бай адамның үйлесімді айқындауы үшін мәнді негіз болып табылады. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар өзара байланысты. Рухани құндылықтар мәдени қоғамдық мақсаттарға ие, мысалы дау-дамайсыз қарым-қатынастар, еңбекке құқықтық кепілдік, әр адамның өмір сүруінің сау нормасын әділ қамтамасыз ету үшін үйлесімді өмір сүру ресурстарын пайдалануды басқару. Адамгершілік және рухани құндылықтар адам мен қоғамды келешек ұрпақтың дамуына бағыттайды. Руханилық идеалдары мәдениетте қоршаған ортамен келіскен іс-әрекеттің мәнді тегеурінді талабы болып қалыптасады. Адамның оны қоршаған ортаға қатысы бойынша өз қалпын бақылайтын еркін және жауапты субъект ретінде бейімделуі қалыптасады.

Толығырақ...
 
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageБіздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.

Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді. І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды.

І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді.

Толығырақ...
 
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің екінші съезі Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageФорум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысып отыр. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.

- Осымен екінші рет Астана аспаны астында осыншалық  үлкен форум жиналып отыр. Сіздерге хош келіпсіздер дей отырып, мәртебелі меймандарымызға өзімнің ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді. Мен оның құрылысы туралы біздің алғашқы форумда айтқан Бейбітшілік және келісім сарайы бүгін тұңғыш рет Сіздерге есігін ашып отыр. Осында, Астанада 2003 жылы болған әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі күллі әлемнің назарын өзіне аударды.

Толығырақ...
 
Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезіне қатысушылар Версия для печати e-mail - ға жіберу

ІІ Съезді дайындау және жүргізу барысында ҚР министрліктері мен ведомстволары осы маңызды халықаралық іс-шараны ұйымдастыру бойынша толық көлемді жұмыс жүргізді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР СІМ) ҚР шетелдік мекемелерімен бірлесіп жыл бойына форумға шақырылған дін лидерлерін, діни ұйымдар мен құрметті қонақтардың жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз ету бойынша мақсатты және кешенді жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде іс-шараға 25 діни лидерлер (олардың ішінде 7-ислам өкілдері, 7-христиан, 4-буддизм өкілдері, 2-иудаизмнен, синтоизм, даосизм,, индуизмнен - 1-1 ден және 2 халықаралық діни ұйым басшылары) мен 26 Еуропаның, Америка, Азия, Африка, Таяу Шығыс елдерінен 14 құрметті қонақ қатысты. Қатысушылардың барлық саны 160 адамды құрады. Астанаға бірінші рет Ливия, Тайланд, Армения, Оңтүстік Кореядан делегациялар және АҚШ, Швейцариядан өзге халықаралық діни ұйымдар басшылары келді.

Ислам Съезде дін басылардың жоғары қайраткерлері бастауымен делегация түрінде келді: «Аль-Азхар» Университетінің жоғарғы имамы, шейх Мухаммад Саид Аль-Тантауи (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Турки (Сауд Арабиясы), «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» үндістан мұсылман ұйымының президенті Салман Аль-Хусайни Аль-Надви, Пәкістанның халықаралық ислам университетінің экс-Президенті Махмуд Ахмад Гази (Пәкістан),  ИРИ Мәдени жоғары кеңес мүшесі Али Акбар Садики Рашад (Иран), Дүниежүзілік Ислам уағызы қауымдастығының бас хатшысының кеңесшісі Агели Фархат Альмери  (Ливия), Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі.    

Христиандықты форумда Папа әділдік және бейбітшілік кеңесінің Құрметті Президенті Роджер  Этчегерай (Ватикан), Миниский және Слуцкий Митрополиті, Белоруссия Экзархының Патриаршийі Филарет (РФ), Константинополь Православие Шіркеуінің Патриархы Варфоломей I (Түркия), Епископ Николас Бэйнс (Англикан шіркеуі, Ұлыбритания), Бүкіл Армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикос Гарегин II (Армения) және Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының Бас хатшысы, доктор Ишмаэл Ноко.

Буддизмді Бүкіл Қытай Буддистер Қауымдастығының Төраға  орынбасары Цзямунян (КХР), Азия Буддистер Орталығының басшысы Дэмбэрэл Чойжамц (Моңғолия) және и Университет Ректоры Махачулалонгкорнраджвидьялая Пра Дармокосаджарн  (Тайланд) бастаған делегация білдірді.

Иудаизмді  Израильдің Бас Ашкеназийлік Раввині Иона Мецгер, Изрильдің Бас Сефард Раввині Шломо Амар бастаған делегация, Синтоизм - Синтоистік шіркеу қауымдастығы басшыларының кеңес төрағасы Куни Куниаки (Жапония) бастаған делегация, Даосизмді - Діни қатынастар әкімшілігі апараты басшысының орынбасары Цзян Цзянюн (КХР) бастаған делегация, Индуизм - әлемде әйгілі ғалым-теолог Шантилал Сомайя бастаған делегация білдірді. Діни ұйымдар - Орта Шығыс мәселелері бойынша Дүниежүзілік Шіркеулер кеңесі бағдарламасының басшысы Мишель Нсейр (Швейцария) және Ұлттық шіркеулер кеңесінің Президенті Майкл Ливингстон (АҚШ).

Құрметті қонақ ретінде форумға мынадай әйгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдар, мемлекет және үкімет басшылары қатысты: Сергей Орджоникидзе - Женевада БҰҰ бюросының бас директоры, Коичиро Мацуура -  ЮНЕСКО бас директоры, Махатхир Мохаммад - Экс-Премьер - Малайзия Министрі, Махмуд Закзук - Египеттің Вакуфтар Министрі, Алехо Видал Квадрас Рока - Еуропалық Парламенттің Бірінші Вице-Президенті, Рене ван дер Линден - Еуропалық кеңестің парламенттік Ассамблеясының Төрағасы, Стаф Ниммегеерс - Бельгия Корольдігі Сенат Төрағасының орынбасары, Ким Вон Ки - Корея Республикасының Ұлттық ассамблея депутаты, экс-спикер, Эмери де Монтескью - Француз Республикасының Сенаторы және т.б..

Съезд қатысушылары мен қонақтардан басқа Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелері, Қазақстан халықтар ассамблеясының және Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері шақырылды.

Съезд атына мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым басшылары атынан жолдаулар келіп түсті: БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан, Франция Президенті Жак Ширак, Түркияның экс-Президенті Сулеймен Демирель, АҚШ экс-Президенттері Джимми Картера және Билл Клинтон, Францияның экс-Президенті Жескар д'Эстена, Чехияның экс-Президенті Вацлав Гавель, Түркияның Премьер-Министрі Режеп Эрдогана, Испанияның Премьер-Министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро, Германияның экс-Канцлері Герхард Шредер, сондай-ақ түрлі шіркеулердің жоғарғы иерархылары - Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, Кентерберий Архиепископы Роуэн Уильямс, Жапония Буддистік Қауымдастық Президенті Ко Ясухара және т.б.

 
<< Басына < Алдыңғы 1 2 3 4 Келесі > Соңына >>

Барлығы 25 - 36 из 39