ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Съез
«Бәйтерек» монументі алдында бірдей уақытта құлшылық ету Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageӘлемдік және дәстүрлі дін лидердерінің І Съезінің жұмысы аяқталғаннан кейін Қабылдау сарайы - Салтанат Сарайында 2003 жылғы 24 қыркүйекте 14.30-да делегаттар мен қатысушылар мінген автобус колоннасы «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңға келді. Осында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың кортежі келді.

Мінәжат ету орны - «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаң жайдан дай таңдалып алынған жоқ. «Бәйтерек» Қазақстан және оның елордасы үшін Мәскеудегі Қызыл Алаң немесе Нью-Йорктегі Еркіндік мүсіні сияқты белгі. Бұл құрылым өзіне философиялық, саяси және тарихи мәнді жинақтаған. Көне поэтикалық шежіре «Көктөбе» шыңында үлкен мұхит жағасында Бәйтерек өмір ағашы гүлдеп өсіп тұр. Әр жыл сайын Бәйтерек басында Қасиетті құс Самұрұқ алтын жұмыртқа салады, жыл сайын айдаһар осы күнді жеп қояды, бірақ ол қайтадан пайда болады. Бұл өзімен күн мен түннің, жаз бен қыстың ауысуын, мейірім мен зұлымдықтың, жарық пен қараңғының күресін білдіреді. Қасиетті ағаш туралы шежіре бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңа Қазақстанның көкейкесті арманын білдіреді.

Толығырақ...
 
Дінаралық диалог принциптері Версия для печати e-mail - ға жіберу

1.   Диалог адалдыққа, төзімділікке, кішіпейілдікке   жөне   өзара   құрметтеушілікке негізделетін болады. Бұл түйсініп қабылдау мен танымды білдіреді, ізгілікті іс жасау оның нөтижесі болуға тиіс.

2.  Диалог    барлық   әріптестердің   тең кұқықтылығын көздеуге және әрбір  мәдениеттің, тілдің жөне дөстүрдің тұтастығын ескере отырып пікірді, көзқарас пен сенімді еркін білдіру аясын жасауға тиіс.

3.  Диалог басқа нанымға үндеу тастауга не баска діни нанымдағы әріптесті қорлауға, сондай-ақ бір діннің басқа діннен басымдығын өйгілеуге бағытталмауға тиіс. Диалог айырмашылықтарды жоюға емес, кайта оларды тануға жөне күрметтеуге бағытталғаны жөн. Диалог қатысушылардың өз нанымын адал өрі айқын баяндауына мүмкіндік беруге тиіс.

4.  Диалог баска діндердің озық танымы мен түсінігін көтермелей отырып, жалған сенімнен жөне оларды қате түсіндіруден бойды аулақ салуға көмектеседі. Ол  жанжалдарды және шиеленісті бәсеңдету құралы ретінде зорлық-зомбылықтың пайдалануын    болдырмауға    жөне    даулы жағдайларды шешуге көмектеседі.

5. Диалог халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы жолын ұсынады. Диалог озық білімді көтермелейді, ол соңдай-ақ диалогтың маңыздылығын бұқаралық ақпарат құралдарының жақсырақ түсінуіне және діни экстремизм катерін бәсеңдетуге де жәрдемдеседі.

6. Дінаралық диалог диалогтың басқа түрлері, өсіресе, өлеуметтік жөне саяси диалог үшін үлгі ретінде қызмет ете алады.

7. Төзімділік рухында өткізілген диалог барлық адамдардың бір ғана ғаламды мекендейтінін атап көрсетеді. Бүл өмірдің кастерлілігі, адамның қадір-қасиеті жөне жаратылыстың тұтастығы сияқты белгілі бір ортақ кұндылыктарды көздейді.

Толығырақ...
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезінде сөйлеген сөзі Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageҚұрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, съезд қонақтары!

Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр-шапағаты мол сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз бүгін Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның жас елордасы - Астанада тағы да жүздесіп отырмыз. Бар күш-жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік нұрын таратып жүрген Сіздермен кездесіп отырғаныма бек қуаныштымын.

Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ жеріне «қош келдіңіздер» деймін.

Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес. Өйткені тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік.

Толығырақ...
 
Қазақстан Республикасы Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезінің жабылуында сөйлеген сөзі Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageҚұрметті Съезге қатысушылар, қымбатты қонақтар!

Мен әләмдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үнемі әрекет ететін беделді халықаралық форумға айналып бара жатқанын қуанышпен атап кеткім келеді. Бұл конфессионалдық келіссөз бастамасы барынша қажетті және халықаралық өмірдің нақты факторы болып қалатынын білдіреді.

Сондықтан Съезге қатысушылардың дінаралық келіссөздің әмбебап қағидаттарын бірыңғай түсіністікке келіп оларды мақұлдағаны ерекше маңызға ие.

Олардың зор маңыздылығын ескеріп оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына жіберуді ұсынамын.

Құрметті басшылардың баяндамалары, қол жеткізілген жарыссөз конфессия лидерлерінің келіссөзге даярлығын және оны төзімділік пен өзара сыйластық күйде өткізу ұмтылысын тағы бір көрсетіп кетті.

Толығырақ...
 
Екінші съезінің декларациясы Версия для печати e-mail - ға жіберу

Image

Біздер Қазақстан елордасы Астанада Екінші Съезге жиналған әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері:

 - Астана қаласында 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен, әлемнің танылған діни лидерлерінің дінаралық келіссөзде маңызды бастаманы бастаған бірінші Съезд жеңісін дамытып;

 - әлемдік өркениеттің өзімен негізгі құрамбірлігін білдіретін әлемдік мәдениет, дін және этникалық топтардың өзара түсіністігін нығайтуға үлес қосқымыз және мәдени және діни айырмашылықтар негізінде  келіспеушіліктерді болдырмауға ұмтылып;

 - діннің адам өмірінің және қоғамның маңызды аспектілері ретінде жаңа мыңжылдық басында бейбітшілікті насихаттау мен сақтауда сапалы жаңа рольге ие болуы керектігінен шығып;

 - діни лидерлердің қазіргі және келешек ұрпақты рухани тәрбиелеу мен тағылым беруде үлкен жауаптылығын, олардың қазіргі заманның жаңа сынақтары алдында өзара құрмет, түсіністік және бір бірін қабылдау рухын нығайтуға өздерінің маңызды ролін сезініп;

 - әр дін мен мәдениеттің ерекше сипатын растап, мәдени және діни түрлілікті адам қоғамының маңызды негізі ретінде қарастырып,

Толығырақ...
 
<< Басына < Алдыңғы 1 2 Келесі > Соңына >>

Барлығы 14 - 22 из 22
 

Iздеу