|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезінде сөйлеген сөзі |
|
|
|
Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін басшылары, съезд қонақтары!
Тұңғыш рет әлемдік дін басшыларының басын қосып, алғашқы съезімізді өткізгенімізге үш жыл да өте шығыпты. Қайыр-шапағаты мол сол бір кездесудегі уағдаласуымыз бойынша біз бүгін Еуразия кіндігі саналатын Қазақстанның жас елордасы - Астанада тағы да жүздесіп отырмыз. Бар күш-жігерін әлемнің әр түкпіріндегі алуан түрлі халықтарды бейбітшілікке, қайырымдылыққа, татулыққа шақырып, дүниеге ізгілік нұрын таратып жүрген Сіздермен кездесіп отырғаныма бек қуаныштымын. Естеріңізде болар, сол жолғы бас қосуда келесі кездесуімізді жаңа Бейбітшілік пен келісім сарайында өткізу туралы шешім қабылдаған едік. Мен Сіздерге берген сол уәдемді орындап, аты әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен осы ғажайып Сарайды салдырып, қазақ жеріне «қош келдіңіздер» деймін. Сарайымыздың төрт тағаны дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара есік ашқан. Бұл ғимарат әлемнің әр тарабындағы барша ұлттар мен дін өкілдеріне дос құшағын ашқан тәуелсіз Қазақстанның символы іспеттес. Өйткені тәуелсіздік жылдары Қазақстанды мекендейтін 130-ға жуық ұлт пен 40-тан астам діни конфессиялар арасында татулық, өзара келісім берік орнықты. Соның арқасында біз дамудың қазақстандық моделін ойдағыдай жүзеге асырып, экономиканы реформалауда зор табыстарға қол жеткіздік. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезінің жабылуында сөйлеген сөзі |
|
|
|
Құрметті Съезге қатысушылар, қымбатты қонақтар!
Мен әләмдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі үнемі әрекет ететін беделді халықаралық форумға айналып бара жатқанын қуанышпен атап кеткім келеді. Бұл конфессионалдық келіссөз бастамасы барынша қажетті және халықаралық өмірдің нақты факторы болып қалатынын білдіреді. Сондықтан Съезге қатысушылардың дінаралық келіссөздің әмбебап қағидаттарын бірыңғай түсіністікке келіп оларды мақұлдағаны ерекше маңызға ие. Олардың зор маңыздылығын ескеріп оларды Біріккен Ұлттар Ұйымының қарауына жіберуді ұсынамын. Құрметті басшылардың баяндамалары, қол жеткізілген жарыссөз конфессия лидерлерінің келіссөзге даярлығын және оны төзімділік пен өзара сыйластық күйде өткізу ұмтылысын тағы бір көрсетіп кетті. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Екінші съезінің декларациясы |
|
|
|

Біздер Қазақстан елордасы Астанада Екінші Съезге жиналған әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері: - Астана қаласында 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен, әлемнің танылған діни лидерлерінің дінаралық келіссөзде маңызды бастаманы бастаған бірінші Съезд жеңісін дамытып; - әлемдік өркениеттің өзімен негізгі құрамбірлігін білдіретін әлемдік мәдениет, дін және этникалық топтардың өзара түсіністігін нығайтуға үлес қосқымыз және мәдени және діни айырмашылықтар негізінде келіспеушіліктерді болдырмауға ұмтылып; - діннің адам өмірінің және қоғамның маңызды аспектілері ретінде жаңа мыңжылдық басында бейбітшілікті насихаттау мен сақтауда сапалы жаңа рольге ие болуы керектігінен шығып; - діни лидерлердің қазіргі және келешек ұрпақты рухани тәрбиелеу мен тағылым беруде үлкен жауаптылығын, олардың қазіргі заманның жаңа сынақтары алдында өзара құрмет, түсіністік және бір бірін қабылдау рухын нығайтуға өздерінің маңызды ролін сезініп; - әр дін мен мәдениеттің ерекше сипатын растап, мәдени және діни түрлілікті адам қоғамының маңызды негізі ретінде қарастырып, |
|
Толығырақ...
|
|
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер съезінің жабылуында сөйлеген сөзі |
|
|
|
Құрметті Съезге қатысушылар мен қонақтар!
Біздің форумымыздың, біздің бірлескен кездесуіміз көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті. Олар қонымды да жемісті өтті. Біз сіздермен өркениеттер, конфессиялар, елдер және халықтар арасында келісімді нығайту мен келіссөз практикасын белгілеу жолында тағы бір маңызды адым жасадық. Біздің әңгімелесулеріміз бен сөз таластарымыз - келешек ұрпақ, түрлі дін мен ұлттардың бейбіт және лайықты өмір сүруі үшін ынтымақтастық идеясы өмір сүру құқығы барлығын тағы бір көрсетті. Әр түрлілік - бұл кемшілік емес, керісінше, Құдайдың баға жетпес сыйлығы, оның арқасында нағыз өзара баю, нағыз даму жүреді. Әр халық қайталанбас, тек өзіне ғана тән дәстүрге, тарихқа, ойлау қабілетіне ие. Әрбірі адамзаттың рухани мәдениетіне өзінің ерекше үнін қосады. Сіздердің назарларыңызды барлық түрлі жалған діни бірлестіктердің санының өсуі мен әсері сияқты тағы бір проблемаға аударғым келеді. Олар әр елде бар және негізінен қазіргі замандағы бар қиыншылықтарды негізгі алады. Олардың көпшілігі қазіргі сән болып кеткен жасандылықпен сұрқия идеяларды уағыздап, игіліктен ада істерді жасап, қорытындысы дін тұрақтылығын, азаматтық қоғамды ғана емес мемлекетті де бұзуы мүмкін. Біз бұндай ұйымдарға қарсы тұруымыз, олардың іс-әрекетіне тиым салып, біздің азаматтарымызды олардың теріс әсерінен қорғауымыз керек. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Бірінші съезінің декларациясы |
|
|
|
Біздер, Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Бірінші съезіне қатысушылар, әр адамның өз дінін еркін таңдауы, көрсетуі мен тануы құқығын танып, дінаралық келіссөздерді халықтар мен ұлттар арасында бейбітшілік пен келісімді қолдаудың маңызды аспаптарының бірі ретінде есептеп, өркениеттер арасында келіссөздерді жылжыту бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының, өзге мүдделі халықаралық және өңірлік ұйымдардың, сондай-ақ үкіметтер, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың жұмылған күшін қолдап, діннің барлық адамзаттың амандығы үшін маңыздығын растап, дінді дұрыс танымауды және діндер арасындағы айырмашылықты жеке бастық, қиратушылық және зорлық мақсатқа қол жеткізу құралы ретінде бұрыс пайдалануды кіналап, мыналарды Адам өмірі сияқты қасиетті сыйлыққа және әр адамның намысына деген құрметтің азайып бара жатқан деңгейін, Кедейлікпен, аштықпен, сауатсыздықпен, аурулармен, өнегесіздікпен, сондай-ақ таза су мен денсаулық сақтауға қол жеткізуді шектеумен туындайтын жан жақты тұрақтылыққа елеулі сынды, Қанауды, қайырымсыздық пен зорлықты дауды шешудің басты аспабы ретінде пайдалануды, Қазіргі және келешек ұрпақ үшін қауіпті зардапты әлемдегі экологиялық дағдарысты танып,
БЫЛАЙ ДЕЙМІЗ: |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
<< Басына < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңына >>
|
| Барлығы 19 - 25 из 25 |