ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Съезд
Съезд
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің екінші съезі Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageФорум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысып отыр. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.

- Осымен екінші рет Астана аспаны астында осыншалық  үлкен форум жиналып отыр. Сіздерге хош келіпсіздер дей отырып, мәртебелі меймандарымызға өзімнің ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді. Мен оның құрылысы туралы біздің алғашқы форумда айтқан Бейбітшілік және келісім сарайы бүгін тұңғыш рет Сіздерге есігін ашып отыр. Осында, Астанада 2003 жылы болған әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі күллі әлемнің назарын өзіне аударды.

Толығырақ...
 
Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезіне қатысушылар Версия для печати e-mail - ға жіберу

ІІ Съезді дайындау және жүргізу барысында ҚР министрліктері мен ведомстволары осы маңызды халықаралық іс-шараны ұйымдастыру бойынша толық көлемді жұмыс жүргізді.

ҚР Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - ҚР СІМ) ҚР шетелдік мекемелерімен бірлесіп жыл бойына форумға шақырылған дін лидерлерін, діни ұйымдар мен құрметті қонақтардың жоғары деңгейде қатысуын қамтамасыз ету бойынша мақсатты және кешенді жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде іс-шараға 25 діни лидерлер (олардың ішінде 7-ислам өкілдері, 7-христиан, 4-буддизм өкілдері, 2-иудаизмнен, синтоизм, даосизм,, индуизмнен - 1-1 ден және 2 халықаралық діни ұйым басшылары) мен 26 Еуропаның, Америка, Азия, Африка, Таяу Шығыс елдерінен 14 құрметті қонақ қатысты. Қатысушылардың барлық саны 160 адамды құрады. Астанаға бірінші рет Ливия, Тайланд, Армения, Оңтүстік Кореядан делегациялар және АҚШ, Швейцариядан өзге халықаралық діни ұйымдар басшылары келді.

Ислам Съезде дін басылардың жоғары қайраткерлері бастауымен делегация түрінде келді: «Аль-Азхар» Университетінің жоғарғы имамы, шейх Мухаммад Саид Аль-Тантауи (Египет), Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Турки (Сауд Арабиясы), «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» үндістан мұсылман ұйымының президенті Салман Аль-Хусайни Аль-Надви, Пәкістанның халықаралық ислам университетінің экс-Президенті Махмуд Ахмад Гази (Пәкістан),  ИРИ Мәдени жоғары кеңес мүшесі Али Акбар Садики Рашад (Иран), Дүниежүзілік Ислам уағызы қауымдастығының бас хатшысының кеңесшісі Агели Фархат Альмери  (Ливия), Қазақстанның бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлі.    

Христиандықты форумда Папа әділдік және бейбітшілік кеңесінің Құрметті Президенті Роджер  Этчегерай (Ватикан), Миниский және Слуцкий Митрополиті, Белоруссия Экзархының Патриаршийі Филарет (РФ), Константинополь Православие Шіркеуінің Патриархы Варфоломей I (Түркия), Епископ Николас Бэйнс (Англикан шіркеуі, Ұлыбритания), Бүкіл Армяндардың Жоғарғы Патриархы және Католикос Гарегин II (Армения) және Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының Бас хатшысы, доктор Ишмаэл Ноко.

Буддизмді Бүкіл Қытай Буддистер Қауымдастығының Төраға  орынбасары Цзямунян (КХР), Азия Буддистер Орталығының басшысы Дэмбэрэл Чойжамц (Моңғолия) және и Университет Ректоры Махачулалонгкорнраджвидьялая Пра Дармокосаджарн  (Тайланд) бастаған делегация білдірді.

Иудаизмді  Израильдің Бас Ашкеназийлік Раввині Иона Мецгер, Изрильдің Бас Сефард Раввині Шломо Амар бастаған делегация, Синтоизм - Синтоистік шіркеу қауымдастығы басшыларының кеңес төрағасы Куни Куниаки (Жапония) бастаған делегация, Даосизмді - Діни қатынастар әкімшілігі апараты басшысының орынбасары Цзян Цзянюн (КХР) бастаған делегация, Индуизм - әлемде әйгілі ғалым-теолог Шантилал Сомайя бастаған делегация білдірді. Діни ұйымдар - Орта Шығыс мәселелері бойынша Дүниежүзілік Шіркеулер кеңесі бағдарламасының басшысы Мишель Нсейр (Швейцария) және Ұлттық шіркеулер кеңесінің Президенті Майкл Ливингстон (АҚШ).

Құрметті қонақ ретінде форумға мынадай әйгілі саясаткерлер, халықаралық ұйымдар, мемлекет және үкімет басшылары қатысты: Сергей Орджоникидзе - Женевада БҰҰ бюросының бас директоры, Коичиро Мацуура -  ЮНЕСКО бас директоры, Махатхир Мохаммад - Экс-Премьер - Малайзия Министрі, Махмуд Закзук - Египеттің Вакуфтар Министрі, Алехо Видал Квадрас Рока - Еуропалық Парламенттің Бірінші Вице-Президенті, Рене ван дер Линден - Еуропалық кеңестің парламенттік Ассамблеясының Төрағасы, Стаф Ниммегеерс - Бельгия Корольдігі Сенат Төрағасының орынбасары, Ким Вон Ки - Корея Республикасының Ұлттық ассамблея депутаты, экс-спикер, Эмери де Монтескью - Француз Республикасының Сенаторы және т.б..

Съезд қатысушылары мен қонақтардан басқа Форумға Қазақстан Республикасы Парламентінің екі палатасының депутаттары, Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелері, Қазақстан халықтар ассамблеясының және Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері шақырылды.

Съезд атына мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым басшылары атынан жолдаулар келіп түсті: БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан, Франция Президенті Жак Ширак, Түркияның экс-Президенті Сулеймен Демирель, АҚШ экс-Президенттері Джимми Картера және Билл Клинтон, Францияның экс-Президенті Жескар д'Эстена, Чехияның экс-Президенті Вацлав Гавель, Түркияның Премьер-Министрі Режеп Эрдогана, Испанияның Премьер-Министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро, Германияның экс-Канцлері Герхард Шредер, сондай-ақ түрлі шіркеулердің жоғарғы иерархылары - Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, Кентерберий Архиепископы Роуэн Уильямс, Жапония Буддистік Қауымдастық Президенті Ко Ясухара және т.б.

 
Әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің І Съезіне қатысушылар Версия для печати e-mail - ға жіберу

Съезд жұмысына ислам, христианство, буддизм, иудаизм, даосизм, синтоизм және индуизмді білдіретін 17 делегация қатысты.

Ислам делегациясын жоғары дін басы қызметкерлері бастап білдірді:  Дүниежүзілік Ислам Лигасының бас хатшысы шейх Абдалла бен Абдель Мухсин Ат-Турки (Сауд Арабиясы), «Аль-Азхар» Университетінің жоғарғы имамы, шейх Мухаммад Саид Аль-Тантауи (Египет), «Джамаат-у-Шабаб-е-Ислам» үндістан мұсылман ұйымының президенті Салман Аль-Хусайни Аль-Надви, Иран Ислам Республикасының ислам заңы және құқық комитетінің төрағасы Мехди Могаддам, Пәкістан Ислам Республикасының Халықаралық ислам университетінің вице-президенті Махмуд Ахмад Гази,  Қазақстан мұсылмандары рухани басқармасының төрағасы, бас мүфтий Әбсаттар Дербісәлі.    

Христиандықты форумда делегация басшылары білдірді: Евангелий уағыздауға арналған конгрегация президенті, кардинал Йозеф Томко (Ватикан), Кройдон епископы (Лондон) Николас Бэйнс (Англикан шіркеуі), Астана және Алматы митрополиті Мефодий (Орыс православие шіркеуі), Франция митрополит Эммануэль (Константинополь православие шіркеуі), Дүниежүзілік лютеран федерациясының бас хатшысы Ишмаэл Ноко.

Буддизмнен делегацияны мыналар басқарды: Қытайдың буддизм қоғамының төраға орынбасары Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюэцзинима, Азия бейбітшілік үшін буддистік конференцияның бас хатшысы Тумээхуу Булган (Моңғолия).

Иудаизм делегациясын Израильдің бас раввині Йона Мецгер, синтоизмді - Жапонияның Синтоистік шіркеулер басқармасының директоры Минору Сонода, индуизмді - ғалым-теолог Шантилал Сомайя басқарды.

Құрметті қонақтар ретінде форум жұмысына әйгілі саясаткерлер қатысты: Сауд Арабиясының әділет министрі А.Аль Аш-Шейх (Фахда королінің арнайы өкілі), Египет АрабРеспубликасының Вакуфтар ісі бойынша министр М.Закзук (президент Х.Мубарактің арнайы өкілі), Жапонияның экс-премьер-министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі В.Сотиров.

Дайындық кезеңінде І Съезд Декларациясы мен Шешімінің жобасын қарастыру мақсатында мынадай сарапшылар шақырылды: Абдалла Абу Аши Аль-Малики - Дүниежүзілік Ислам Лигасының зертеулер, үйлестіру және халықаралық қатынастар басқармасының кеңесшісі; доктор Саид Исмаил Сыни - Дүниежүзілік Ислам Лигасының зертеулер, үйлестіру және халықаралық қатынастар басқармасының кеңесшісі; доктор Гулам Мохаммад Джаффар - Белуджистан өңірінің «Исламиат» университетінің факультет деканы, Мухаммад Сухейль Умар (Пәкістан); Акашех Халед (Ватикан); Силантьев Роман Анатольевич - Ресейдің Дңнаралық кеңесінің атқарушы хатшысы; Чжан Вэй - ҚХР елшілігінің екінші хатшысы; доктор Вемпати Кутамба Састри - «Раштия Санскрит Сантхан» (Үндістан) оқу орталығының директоры.

 
«Бәйтерек» монументі алдында бірдей уақытта құлшылық ету Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageӘлемдік және дәстүрлі дін лидердерінің І Съезінің жұмысы аяқталғаннан кейін Қабылдау сарайы - Салтанат Сарайында 2003 жылғы 24 қыркүйекте 14.30-да делегаттар мен қатысушылар мінген автобус колоннасы «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңға келді. Осында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың кортежі келді.

Мінәжат ету орны - «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаң жайдан дай таңдалып алынған жоқ. «Бәйтерек» Қазақстан және оның елордасы үшін Мәскеудегі Қызыл Алаң немесе Нью-Йорктегі Еркіндік мүсіні сияқты белгі. Бұл құрылым өзіне философиялық, саяси және тарихи мәнді жинақтаған. Көне поэтикалық шежіре «Көктөбе» шыңында үлкен мұхит жағасында Бәйтерек өмір ағашы гүлдеп өсіп тұр. Әр жыл сайын Бәйтерек басында Қасиетті құс Самұрұқ алтын жұмыртқа салады, жыл сайын айдаһар осы күнді жеп қояды, бірақ ол қайтадан пайда болады. Бұл өзімен күн мен түннің, жаз бен қыстың ауысуын, мейірім мен зұлымдықтың, жарық пен қараңғының күресін білдіреді. Қасиетті ағаш туралы шежіре бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңа Қазақстанның көкейкесті арманын білдіреді.

Толығырақ...
 
Дінаралық диалог принциптері Версия для печати e-mail - ға жіберу

1.   Диалог адалдыққа, төзімділікке, кішіпейілдікке   жөне   өзара   құрметтеушілікке негізделетін болады. Бұл түйсініп қабылдау мен танымды білдіреді, ізгілікті іс жасау оның нөтижесі болуға тиіс.

2.  Диалог    барлық   әріптестердің   тең кұқықтылығын көздеуге және әрбір  мәдениеттің, тілдің жөне дөстүрдің тұтастығын ескере отырып пікірді, көзқарас пен сенімді еркін білдіру аясын жасауға тиіс.

3.  Диалог басқа нанымға үндеу тастауга не баска діни нанымдағы әріптесті қорлауға, сондай-ақ бір діннің басқа діннен басымдығын өйгілеуге бағытталмауға тиіс. Диалог айырмашылықтарды жоюға емес, кайта оларды тануға жөне күрметтеуге бағытталғаны жөн. Диалог қатысушылардың өз нанымын адал өрі айқын баяндауына мүмкіндік беруге тиіс.

4.  Диалог баска діндердің озық танымы мен түсінігін көтермелей отырып, жалған сенімнен жөне оларды қате түсіндіруден бойды аулақ салуға көмектеседі. Ол  жанжалдарды және шиеленісті бәсеңдету құралы ретінде зорлық-зомбылықтың пайдалануын    болдырмауға    жөне    даулы жағдайларды шешуге көмектеседі.

5. Диалог халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы жолын ұсынады. Диалог озық білімді көтермелейді, ол соңдай-ақ диалогтың маңыздылығын бұқаралық ақпарат құралдарының жақсырақ түсінуіне және діни экстремизм катерін бәсеңдетуге де жәрдемдеседі.

6. Дінаралық диалог диалогтың басқа түрлері, өсіресе, өлеуметтік жөне саяси диалог үшін үлгі ретінде қызмет ете алады.

7. Төзімділік рухында өткізілген диалог барлық адамдардың бір ғана ғаламды мекендейтінін атап көрсетеді. Бүл өмірдің кастерлілігі, адамның қадір-қасиеті жөне жаратылыстың тұтастығы сияқты белгілі бір ортақ кұндылыктарды көздейді.

Толығырақ...
 
<< Басына < Алдыңғы 1 2 3 4 5 Келесі > Соңына >>

Барлығы 28 - 36 из 39