|
III Съез туралы |
|
|
|
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылғы 1-2 шілдеде Астана қаласында (Қазақстан) өтеді.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері Съезі Хатшылығының VIII отырысы 2009 жылғы 29-30 маусымда Астана қаласында (Қазақстан) өтті. Егер сұрақтарыңыз болса, оларды осы сайтта Байланыстар бетін пайдаланып жіберуге болады. |
|
|
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ- съезінің күн тәртібі |
|
|
|
Жоба Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ- съезінің күн тәртібі (2009 жылғы 1-2 шілде, Астана қ.) 1. «Төзімділікке, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлем құруда дін лидерлерінің ролі» тақырыбына пленарлық сессия. 2. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV Съезін өткізу күні мен орнын анықтау 3. «Адамгершілік және рухани құндылықтар, әлемдік этика» тақырыбына секциялық отырыста баяндама және пікірталас 4. «Келіссөз және ынтымақтастық» тақырыбында секциялық отырыста баяндамалар мен пікірталастар. 5. Әсіресе дағдарыс кезеңінде ынтымақтастық» тақырыбында секциялық отырыста баяндамалар мен пікірталастар 6. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің III Съезіне қатысушыларының үндеулерін қабылдау |
|
|
Секциялық отырыстардың аннотациялық күн тәртібі |
|
|
|
Жоба 1-СЕКЦИЯ: «АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР, ӘЛЕМДІК ЭТИКА» Адамгершілік және рухани құндылықтар адамзат мәдениетінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. Руханилықты түсіну мен анықтауға түрлі тәсілдер бар. Біреулер үшін руханилық - бұл тіл, өнер, музыка, әдебиет және т.б. қоса мәдени мұра. Өзгелер үшін - руханилық тікелей дінмен және діни құндылықтармен байланысты. Әңгіме «руханилық» санатын зиялы және діни көрінуі туралы болып отыр. ХХ ғасыр «руханилықтың» зиялы түсінігіне баса назар аударды. Үйлесімді рухани құндылықтар келісілген ұжымдық - жеке коммуникативтік практикасы жағдайда рухани бай адамның үйлесімді айқындауы үшін мәнді негіз болып табылады. Адамгершілік, рухани және мәдени құндылықтар өзара байланысты. Рухани құндылықтар мәдени қоғамдық мақсаттарға ие, мысалы дау-дамайсыз қарым-қатынастар, еңбекке құқықтық кепілдік, әр адамның өмір сүруінің сау нормасын әділ қамтамасыз ету үшін үйлесімді өмір сүру ресурстарын пайдалануды басқару. Адамгершілік және рухани құндылықтар адам мен қоғамды келешек ұрпақтың дамуына бағыттайды. Руханилық идеалдары мәдениетте қоршаған ортамен келіскен іс-әрекеттің мәнді тегеурінді талабы болып қалыптасады. Адамның оны қоршаған ортаға қатысы бойынша өз қалпын бақылайтын еркін және жауапты субъект ретінде бейімделуі қалыптасады. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы |
|
|
|
Біздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев мемлекет басшысы және қоғамда діннің өсіп отырған рөлін толық шамада сезінетін саясаткер ретінде әлемдік және дәстүрлі діндер форумын Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында өткізуді ұсынды. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырушы ретінде жетекші діндер мен конфессия өкілдері тарапынан ғана бұндай ұсыныс түсетін еді. Конфессияаралық келіссөздерді орнатуға бағытталған осындай іс-шаралардың бірі Италияның Ассизи қаласында 1986 жылдың қазан айында және 2002 жылғы қаңтарда әлем діндері мен конфессиялары өкілдерінің кездесуі ғана болатын.
Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді. І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. |
|
Толығырақ...
|
|
|
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің екінші съезі |
|
|
|
Форум жұмысына 20-дан астам елден келген барлық әлемдік дәстүрлі діндер мен конфессиялар: ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм және басқа да өкілдерінен тұратын 43 делегация қатысып отыр. Құрметті меймандар ретінде олардың арасында ЮНЕСКО-ның бас директоры Коичиро Мацуура, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сергей Орджоникидзе, Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Мохаммад Махатхир бар белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ түрлі елдердің заң шығарушы органдарының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері шақырылған.
- Осымен екінші рет Астана аспаны астында осыншалық үлкен форум жиналып отыр. Сіздерге хош келіпсіздер дей отырып, мәртебелі меймандарымызға өзімнің ризашылығым мен алғысымды білдіргім келеді. Мен оның құрылысы туралы біздің алғашқы форумда айтқан Бейбітшілік және келісім сарайы бүгін тұңғыш рет Сіздерге есігін ашып отыр. Осында, Астанада 2003 жылы болған әлемдік және дәстүрлі діндердің бірінші съезі күллі әлемнің назарын өзіне аударды. |
|
Толығырақ...
|
|
|
|
<< Басына < Алдыңғы 1 2 3 Келесі > Соңына >>
|
| Барлығы 10 - 18 из 25 |