ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Құрметті қонақтар arrow II Cъезд баяндамалары arrow Әли Акбар Садеги Рашадтың сөзі
Әли Акбар Садеги Рашадтың сөзі Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageИслам мәдениеті және ой-санасы институтының директоры (Иран) Әли Акбар Садеги Рашадтың сөзі

Рақымды және мейірімді Алла үшін! Алла өз пайғамбарын лайым жарылқасын! Ассалаумалейкум, Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев мырза! Съездің Бас хатшысы Нұртай Әбіқаев мырза! Құрметті съезге қатысушылар! Осы съезді өткізуге берілген мүмкіңдік үшін діндер арасындағы диалогты өз саясатының бір бағыты ретінде мойындаған Иран Республикасының атынан сіздерге шексіз алғысымды айтамын! Осы съезд бір-бірімізді түсіну үрдісіне қызмет етсін деп біз Аллаға жалбарынамыз. Біз Алладан бізге, өзіне, адамдарға және өзі жаратқан бар нәрсеге сүйіспеншілік беруін жалбарынып сұраймыз.

Енді негізгі сөзімді айтуға рұқсат етіңіздер. Менің баяндамамның тақырыбы - "Діндердің жақындасуы, өзара әрекеттестігі".

Қауіпсіздік қоғамдық, саяси, халықаралық болып келеді. Ол біздерден "қауіпсіздік" түсінігін дұрыс сараптауды талап етеді. Қауіпсіздік - адамдарға жат сөз емес. Қауіпсіздіктің бірнеше құрамдас бөлігі бар. Бұлар: жан, дін, сенім, дінге сену, тұлға, т.б. Барлығы да адамды аяғынан тік тұрғызуға және тәрбиелеуге өз үлестерін қосады. Адам өмірімен байланысты басқа құндылықтарды мына элементтер құрайды: жер, отан, саяси режим, әйел, балалар, қаржы, мұнан басқалардың бәрі тұлғаны қалыптастыруда недәуір рөл атқарады. Олай болса, қауіпсіздік дегеніміз - адамды барлық қауіптен қорғау. Себебі бүл қауіптер "қауіпсіздік" түсінігінің құрамдас бөлігі боп табылады. Маңыздылығы адамына байланысты. Тұлғаны қалыптастыратын бар нәрсенің маңызы арта түседі.

Бұл жөніңде имам Хусейн айтқан екен: "Егер бәле жармасса, оны болдырмауға тырыс. Ал егер бәле одан да терендей түссе, өз дінінді қорғағаның жақсы". Біз бұл құрамдас бөліктерді адам тұлғасын қалыптастырудағы маңызының дәрежесіне қарай сипаттаймыз. Әрбір мектеп, әрбір тұжырымдама бұларды маңызына және уақытына карай жіктейді. Ежелде ой мен дінге сенім жан мен өмірдің алдында жүрсе, енді жан мен өмір ой мен дінге деген сенімнің алдында келеді.

Қауіпсіздік факторлары. Біз о бастан қандай факторлар қауіпсіздікке қауіп төндіретінін түсінуіміз қажет. Біле білсек, кедейлік пен надандық, басқаны жаулап, басып алу, құқықтық нормативтердің болмауы - қауіпсіздіктің қас жауы, қауіпке апарар тура жол. Керісінше, кедейлікті жою, білім беруді кеңінен тарату, құдайға сену, адамгершілік мәселелеріне көңіл бөлу - тұрақтылық пен қауіпсіздік факторлары. Дін әлемдік және аймақтық деңгейде

кауіпсіздіктің ең басты факторы болып отыр. Осылайша кауіпсіздік пен оның факторлары - сенім мен екі жағдайда дінге сенудің нәтижесі: дінді жаратушының жібергенін мойындау және діни сенімдерді қолданудың қажеттілігі.

Діннің адамдарды ұйымдастыруда, олардың іс-әрекеттері мен сезімдеріндегі рөлі айрықша, өйткені дінді пайдаланып асыра сілтеу жақсылыкқа апармайды, ол адам өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан да дін екі жүзді өткір пышақ секілді. Ол халықаралық қауіпсіздіктің басты факторына айналып кетуі мүмкін. Ал дінді террордың құралына айналдыру қайшылықтар мен қауіпсіздіктің бұзылуына алып келеді.

Әділеттік, адам құқығы, т.б. киелерді зорлық-зомбылық, қан төгу мен адам құқығын таптау үшін бұзуға болмайды. Мүңдай фактілер тарихта көптеп кездеседі.

Осы жағдайларды еске алсақ, бүгінгі келелі кеңесімізді игі мақсатқа ұмтылу деп білуіміз керек. Діндер арасындағы қарама-қайшылыктар тудыратын кауіп жөнінде мынаны айтқым келеді. Қалай деп ойлайсыздар, діндер арасындағы қарым-қатынастар жақындасуға әлде бөлінуге алып келе жатыр ма?! Дегенмен мен бұл жерде діндер арасындағы қарым-қатынастардың тек жағымды жақтарына тоқтағым келеді. Діндер алдына ең басты алғышарттар мен болжамдарды көлденең тартуға болады. Бүл контексте діндер арасындағы перспективті қарым-қатынастардың алғышарттары мен болжамдарының себептерін атап өтуге, әлемде бар діндердің ара-қатынасына тоқталуға болады. Қазір екі тенденция байқалады: бірі - діннен ат ізін аулақ салу, екіншісі - керісінше, оған қайтадан бет бұру. Бұл қазіргі әлемде болып жатқан ірі оқиғалармен байланысты. Бұл жерде мынадай сұрақ туындайды: келешекте адам өмірінде дінаралық қарым-қатынастар сақталуы мүмкін бе жөне олар адамдарды біріктіре ала ма? Мұндай бағыттағы дамуға деген күмән келмес пе екен? Діндер дінге сенушілердің басын қоса ма әлде бір-бірінен алшақтата ма? Діншілдер бір-біріне шыдамдылық көрсете ала ма екен? Бұл болжам мен күдіктердің бәрі келешекте де орын алуы мүмкін.

Кейбір фактілер діндер арасындағы қақтығыстар мен олардың бір-бірінен алшақтай беру үрдісінің келешекте де жалғаса беретінін дәлелдеп отыр. Кейбір ойшылдар діндер арасындағы диалог бола қоюына күмән келтіруде. Мынадай мысал келтірейін.

Дүниежүзілік хабар тарату жүйелерінің дами түсуі діни тақырыптарға арналған дебаттардың діндер арасындағы қайшылықтарын күшейтіп жіберді, діншілердің бір-біріне деген байбаламын асқындырып жіберді. Бүл түптеп келгенде, дінаралық қақтығыстарға алып келуі мүмкін.

Екінші. Қазіргі әлем күннен күнге күрделеніп барады. Билік басындағылар өз бәсекелестерін құртуға тырысуда. Олардың кейбіреуі өз билігін күшейту үшін дінді пайдаланғысы келеді. Осы себепті саясаткерлер дінаралық алауыздықтар пен қақтығыстар туғызуға тырысады. Осылайша саясаткерлер діндердің бейбіт қатар өмір сүруі мен өзара қарым-қатынастарын қалпына келтіруге жол бермейді.

Үшінші. Кейбір эгоцентристік (дарашылдық) бағыттағы ғалымдар дінаралық дау-жанжалдарды өршітуге күш салуда. Кейбір қоғам бұл әдісті өз мақсатына жету үшін пайдалануда.

Енді діндердің жақындасуы туралы айтайын. Оны іске асыруға мынадай дәлелдерім бар.

Бірінші. Интернеттің дамуы арқасында бүкіл әлем алақан аясында деуге болады. Тіпті көзқарастары әртүрлі бір отбасының мүшелері бір акпаратта бас қосып, бір-бірімен түсінісе алады, мұның бәрі үйлесімді өмір сүруге, діндерді түсінудегі кедергілерді жоюға алып келеді. Шындық ашылып, анықталады. Тәңірінің бар екеніне көзі жетеді.

Екінші. Ғылыми прогресс адамдардың жақындасуына, діни көзкарастарының әртүрлі болуына қарамастан Жаратушы жаппар иемді мойындауға алып келеді. Бұрын адамдар надандықтан зардап шекті, бірақ казір олар өз тағдыры туралы ойлана бастады, фанатизмнен арылуға күш салуда. Қақтығыстар мен соғыстар заманы өтіп, диалог уақыты келді. Көкірегінде сәулесі барлар өз бәсекелестерінің алдына түсуге ұмтылуда.

Үшінші. Демократия - қазір адам өміріндегі ең жоғарғы қол жеткен табыс. Адамзат демократиялануға құлаш ұрды. Демократия талаптарының ішінде әр халыктың мәдени өрқилылығын, мәдени ерекшеліктерін мойындау ерекше мағынаға ие. Міне осылайша адамзат толеранттық пен шыдамдылыққа жол табады.

Төртінші. Егер діни қызметкер өз істеген жұмысының жақсаруы басқа діни сенімдерге зиянын тигізе бастаса, ол орнынан кетуі керек. Бұл айтқанымның әсіресе Ибрагим (Авраам) пайғамбардан тараған діндерге тікелей қатысы бар. Оның көп себептері бар. Оған баса көңіл аудару керек. Міне осындай жағдайда діндер бір-бірімен жақындаса алады. Әртүрлі діндердің өкілдері (атеистер сияқгы емес) бір отбасының мүшелері сияқты өздерін сезіне алады.

Уақытың тығыз екенін ескеріп, өз сөзімді аяқтаймын. Осы съезд өзінің бар назарын саяси проблемалар мен діндердің бір-бірінен айырмашылықтарына емес, қайта олардың бейбіт қатар өмір сүруіне және дінаралық диалогына аударар деп сенгім келеді.

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу