Құрметті қонақтар
II Cъезд баяндамалары
Махмуд Хамди Закзуктің сөзі | Махмуд Хамди Закзуктің сөзі |
|
|
|
Құрметті Президент Нұрсұлтан Назарбаев мырза! Құрметті съезге қатысушылар! Бәрінен бұрын менің осы форумға қатысуыма байланысты өзімнің зор қанағаттанғандық сезімім мен бақыттылығымды білдірген болар едім. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президентіне және барлық қатысушыларға Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мубарактың осы съездің ашылуына байланысты әрі оның табысты өтуіне тілектестік білдірген ерекше құттыктауын тапсыру - мен үшін зор мәртебе. Үш жыл аралығында Қазақстан Республикасының ынта-ықыласы бойынша біздердің осы форумда екінші рет кездесуіміз бәріміздің ортақ үйіміз болып табылатын бұл әлемде қауіпсіздіктің орнығуына байланысты әуелі Қазақстан Республикасына, екінші жағынан діни басшылардың өздеріне түсетін үлкен жауапкершілікті әбден сезініп отырғанын жарқын дәлелдейді. Бұл игілікті миссияда пайдалануға болатын ізгілікті жол екі деңгейде: діни және мәдениеттілік деңгейінде өзара сыйластыққа және түсіністікке негізделген диалог жолын пәрменді жол ретінде таңдап алуға болады. Дәлірек айтқанда, ол - діни лидерлердің бүкіл дүние жүзінде тендікті калпына келтіру және бейбітшіліктің негізін қалау миссиясы. Діннің түпкі мәні - барлық адамдарды өзара бейбіт өмір сүруге шақыру, олардың өзара бауырластығын нығайту. Кейде діни ұрандар көтеріп, барша адамдық құндылықтарды бүлдіретін экстремистік ағымдар пайда болып жатады. Мұның өзі діни лидерлер басшылардан дін мақсат-мүддесінің жарқындығын ашып көрсетуді, сөйтіп адамдар арасында сүйіспеншілік пен келісім орнығуы үшін оны кеңінен таратуды талап етеді. Президент Назарбаевтың өз сөзінде қуаттаған өзара сыйластық, өзара түсіністік, басқа адамдардың ерекше құрметтейтіндеріне құрметпен қарау сияқты жоғары құндылықтар - барша адамдар арасында бейбітшілік, туыстық, сүйіспеншілік, толеранттық қағидаларын таратудың маңызды шарттары саналады. Және де барлық діндер осынау шындықпен қандай түрде болсын тығыз байланысты. Қаңдай да бір дінмен тек өздері ғана байланысты деп және осы шындыққа тек сол дін ғана иелік етеді деп есептеу әрі мұндай түсінік, әрине, диалог орнатуға кедергі келтіреді. Сондықтан айырмашылық белгілерін іздестіруден гөрі, аса мәртебелі Президент мырзаның бұрын көрсетіп бергеніндей, құдайшылық деп табылатын жалпы сыйпаттарды іздестіру дұрыс жол болып табылады. Біздің ойымызша, бұл - ұлттар мен халықтар арасында жемісті диалог құру үшін тамаша тәсіл. Қазақстан Республикасының Президенті мырзаға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзімнің зор алғысымды тағы да білдіргім келеді әрі бұл конференцияның жемісті өтуіне тілектеспін. Рахмет. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|