| Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы |
|
|
|
Қазақстан Президентінің ойы бойынша бір бірі туралы жалпы аспектілер мен дәл мәліметтер негізінде құрылған әлем және дәстүрлі дін лидерлері арасындағы келіссөз өзара ынтымақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фанатизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізеді. І Съездің тұжырымдық ойы және дауларды шешу құралы ретіндегі діндер келіссөзі конфессияаралық және ұлтаралық қатынастардағы зорлық пен терроризм әдістеріне қарсы қойылды. І Съездің мақсаты әлемдік және дәстүрлі дін нысандарында жалпы адами бейіндерді іздестіруге, дін келіссөзін жүзеге асыру және келісілген шешімдер қабылдау үшін үнемі әрекет ететін халықаралық конфессияаралық институт құруға негізделді. Форумға қатысушылар арасында қазіргі әлемдегі дін рөлі және кез келген діннің негізгі адамгершілік құндылықтарының жалпы адамзаттық сипаты туралы ашық пікір алысуға қол жеткізілді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. І Съезде өркениеттер, конфессиялар, елдер мен халықтар арасында құрылымдық келісімді нығайту мен келіссөз орнату жолында батыл адым жасалды. Дінаралық келіссөз қоғамдық даму мен барлық халықтың әл-әуқатын жақсартудың негізгі кілттерінің бірі болып табылатындығы баса айтылды. Съезд қорытындысы бойынша делегаттар діндер келіссөзі тереңдеуі және пікірталастар жүргізуге білуге құрылуы керек деген пікірге келді. Діни негізде даулар себептерін анықтаумен, дінаралық үйлесімді жетілдіру қажеттігімен, бір бірімізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәстүрі негізінде үйренумен байланысты проблемалар көтерілді. Ерекше және есте қаларлық оқиға ретінде форум бүкіл әлем адамдарының бейбіт және тиісті өмір сүруы алдында түрлі дін өкілдерінің ынтымақтасуы мен бірігу идеясының өзектілігін және оны іске асыру қажеттігін тағы бір көрсетті. Съезд идеясын әлемнің К.Аннан, Дж.Буш, М.Тэтчер, Цзянь Цземинь, Н.Манделла, Ж.д'Эстен, М.Горбачев және тағы басқа беделді саясаткерлері қолдады. Форум қорытындысы бойынша Декларация қабылданды, онда рухани лидерлер адамзат үшін бейбітшілік пен алға жылжуды қамтамасыз ету және келешекте бейбітшілік негізі ретінде қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе атқаратын іс-әрекеттер туралы айтты. Өткен іс-шараның жеңісі І Съездің 3 жылда 1 рет жиі негізде дінаралық форум өткізу туралы Шешімінде бекітілді. Осы шешімде Қазақстанға әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезін Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана қаласында ұйымдастыру мәртебесі беріліп, сондай-ақ Съезд Хатшылығын құрумен байланысты барлық аспектілерді әзірлеу тапсырылды. 2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың төрағалық етуімен әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ Съезі өтті. Съезд жаңа, арнайы форум өткізу үшін салынған «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтті. Съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» жалпы тақырыбымен, «Діни сенім еркіндігі және өзге дін өкілдеріне құрмет» және «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ролі» деген екі бағытта өтті. Форумның бірінші күні «Дінаралық келіссөз қағидаттары» қабылданды, онда Съезд жұмысының барысында Форумға қатысушылар басшылыққа алатын негізгі құраушылар көрініс тапты. Съезде сөз сөйлемшілер баяндамаларында Қазақстан Республикасының атына, оның Президентіне діндер келіссөзі дауларды шешу құралы ретінде конфессияаралық және ұлтаралық қатынастарда зорлық пен террор әдістеріне қарсы қойылған Дін форумын ұйымдастырғаны үшін алғыстар айтылып жатты. Съезд қорытындысы бойынша оған қатысушылар барлық дін және этникалық топтар өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негізінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен Декларацияны қабылдады. Бұл құжатта «қақтығыстар идеологиясына» «әлем мәдениетіне» алмастырудың жаһандық қажеттігі көрініс тапты. Форумға қатысушылардың бір ауыздан келісімі бойынша келесі әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезі 2009 жылы Астана қаласында өту шешімі қабылданды. Форум аяқталғаннан кейін барлық дін лидерлері мен құрметті қонақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастауымен Бейбітшілік және келісім сарайының жоғарғы қабатында залға көтеріліп өз портреттері астына естелік жазу қалдырды. Келешекте бұл жазбалар ІІ Съезд делегаттарының портреттерімен және олардың баяндамаларының дәйексөздерімен жеке кітап болып жарияланды. |
| Кел. > |
|---|