ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Діндер arrow Дін және қоғам arrow Қазақстанда діни жағдайға талдау
Қазақстанда діни жағдайға талдау Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageБүгінгі күні Қазақстан Республикасы - 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және келісімде өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.

Қазақстан тарихи тұрғыдан Шығыс пен Батыстың түрлі дін, мәдениет және өркениеттер кездесуі мен келіссөзінің қиылысқан жері болды.

Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың жақсы негізі болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православиеліктер, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәрі 670 болатын.

Ислам бірлестіктерінің саны 46-дан 2441-ге дейін өсті. Орыс Православие Шіркеуінің саны бес есе артты (62-ден 293-ке дейін). Рим-Католик Шіркеуінің бірлестіктер саны (42-ден 86-ға дейін, Евангелиелік христиан - баптистер қоғамдастықтары (168-ден 362-ге дейін), Жетінші күн адвентистері (36-дан 66-ға дейін) екі есе өсті. Иегова Куәлары бірлестіктерінің саны 27-ден 78-ге дейін, ал жаңа бағыттағы протестанттық бірлестіктер 13-тен 540-қа жетті.

Діни бірлестіктер өз иеліктерінде 3129 табыну құрылымына ие, олардың 2229-ы мұсылман мешіттері, 258 - православие және 93 - католик шіркеулері, 6 - синагога және бес жүзден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері.

Қазіргі уақытта Республикада 384 миссионер жұмыс істейді, олардың 20-нан астамы шет елдерден, ал 1990 жылы олардың саны 12 адам болатын.

Діни бірлестіктермен 38 кезеңдік баспа басылымдары шығарылады.

Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.

ImageҚазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003 жылы және 2006 жылдары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің тиімділігінің куәсі болды.

Конфессиялар арасында өзара қарым қатынасты нығайтудағы келесі бір қадам және Қазақстанның өркениеттердің жаһандық келіссөзіне үлесі 2009 жылы Астана қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің үшінші съезі болады.

Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынас үлгісі діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңгеріміне,серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. Бұл Елбасы Н. Назарбаевтың мақсатты саясатының қорытындысы.

Діндарлар құқығы саласында міндеттемелер тұрғысынан Қазақстан ОБСЕ - нің Демократтық институттар мен адам құқығы бюросымен (БДИПЧ) тиімді өзара әрекет етеді.

Алматы қаласындағы ОБСЕ Орталығымен тығыз ынтымақтастық елде барлық азаматтардың діни және этникалық тиістілікке қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндік теңдігіне бағытталған нормативтік - құқықтық азаны құруға көмектесті.

Діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1992 жылы қабылданды және діни сала мен мемлекеттік - конфессионалдық қатынастарда туындайтын түрлі проблемаларға қарамастан елеулі өзгерістерге түсе қойған жоқ.

Қазіргі уақытта Парламентте бірқатар депутаттармен осы жылғы көктемде бастама алған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім еркіндігі мен діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын талқылау аяқталды. Заң жобасы 2008 жылғы 26 қарашада Елбасына қол қоюға жіберілді.

Осы заң жобасының адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарты шегінде және әлемдік тәжірибені есепке алып діни салаларды реттеу мәселелерін ретке келтіруге бағытталғандығы заңды.

 

 
< Алд.   Кел. >