| 01.07.2009 - Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат |
|
|
|
Бүгін Астанада Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезі ашылды. Жиында Президент Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау сөз сөйледі. Жиын жұмысын аша келіп Парламент Сенатының Төрағасы, Съез Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада жиналған түрлі мемлекеттер мен аймақтардың діни және қоғам қайраткерлерін бір мақсат - қауіпсіз және тұрақты әлем құру біріктіріп отырғанын атап өтті. Төраға сондай-ақ «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында біздің еліміз түрлі ұлттар мен конфессиялардың бейбіт өмір сүру үлгісін қалыптастыра алды» деп атап өтті. Жалпы сессияның отырысын аяқтай келіп Хатшылық Төрағасы Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі, IV Съезі 2012 жылы Астанада өтетінін хабарлады. Оған қоса Қ.Тоқаев жиынның нақты мерзімін биыл күзде отырысы жоспарланып отырған Съез Хатшылығының мүшелеріне пысықтауға тапсыруға ұсынылатынын атап өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі |
| < Алд. | Кел. > |
|---|