Хатшылық
Хатшылықтың IX отырысы
Хатшылықтың IX отырысы туралы ақпарат | Хатшылықтың IX отырысы туралы ақпарат |
|
|
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен 2-3 желтоқсанда Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының кезекті тоғызыншы отырысы болады.Хатшылық жұмысына түрлі конфессиялар мен діни ұйымдардың өкілдері, белгілі мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлері, теолог ғалымдар мен саясаттанушылар қатысады.
Отырысқа қатысушылар үстіміздегі жылғы шілдеде болған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ Съезінің қорытындылары туралы пікір алмасады, сондай-ақ 2012 жылы өткізу жоспарланып отырған діни лидерлердің IV Съезінің тақырыбы мен күн тәртібі жөніндегі ұсыныстар талқыланады және бекітіледі, сонымен қатар осы жиынды әзірлеу жөніндегі бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарау көзделіп отыр.
Анықтамалар 747239, 747134,747240, 747243 телефондары бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі |
| < Алд. | Кел. > |
|---|