ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Құрметті қонақтар arrow III Cъезд баяндамалары arrow Израиль мемлекетінің Президенті, бейбітшілік үшін Нобелев сыйлығының лауреаты Шимон Перес баяндамасы
Израиль мемлекетінің Президенті, бейбітшілік үшін Нобелев сыйлығының лауреаты Шимон Перес баяндамасы Версия для печати e-mail - ға жіберу

Аса мәртебелі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, дін басшылары!

Мақсаты ең керемет әлем: әділдің ілемін, теңдік әлемін және келісім әлемін құру болып табылатын осы маңызды іс-шараға қатысу мүмкіндігін бергендеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Сіздің елде дінаралық келіссөзді бастаудағы сіздердің шешімдерің жартысы өзінің келбеті мен түріне ұқсатып жаратып, адамды өмірді күнәдан арылтып, бейбіт қалыпты орындар әділдіктің ақ жолымен жүруді нұсқаған бір Құдайдың пендесі екендігімізді ұмытқан барлық қалған әлем үшін үлгі бола алады.

Монотеистік және гуманистік дін иелері - христиандар, мұсылмандар мен иудейлер бір ғана Құдайдың, мейірімді де әділ Құдайдың барлығына сенеді.

Террордың зұлым ағын екенін, Құдайды танымау екенін атап кету керек., Бұл дін емес, Құдай мен адамға қарсы қылмыс.

Біздер дінді террордан бөліп алуымыз керек.

Ол үшін олардың сеніміне, діни тиесілігі мен жынысына қарамастан барлық діндар адамдардың жалпы күші жұмылуы керек.

Жақын арада мен Қасиетті Жерге келген Қасиетті Рим Папасымен әңгімелестім. Ол да осы маңызды іске қосылып отыр, себебі біздің Құдайымыз біреу-ақ.

Біздің елге Қасиетті Рим Папасының келуімен қатар біздің ғалымдар төрт масақты жаңа бидай түрін шығарды. Біздер бұл бидайды байытылған деп атадық. Мен адамдар уран байытумен емес, бидай байытумен айналысу керек деп санаймын.

Исламның көптеген діни лидерлері дін мен террор арасында жан түршігерлік жапсарластыруға алаңдаушылық білдіріп отыр. Менің достарым, осы жерде отырған Израильдің бас раввині аузына Құдайдың атын алып Құдай атында күнәсіз адамдарды өлтіруге шақыратындарға қатаңдықпен қарайды.

Миллиондаған емес мыңдаған мұсылмандықтар Алла атымен шақыратын экстремистер қолынан қаза тапты. Нью-Йорктегі егіз Сауда орталығы мұнарасында христиандықтар, мұсылмандар, еврейлер, буддистер мен атеисттер қаза болды, барлығы бір мезетте опат болды.

Дінаралық байланыстарды қолдау, сондай-ақ өзара түсіністік пен достастық қатынасты орнату дінаралық қарым-қатынастарда ғана емес Құдайды діни ұғынуда да маңызды мәнге ие.

Бұл жерде үнемі мынадай сауал туындайды: Құдай тағала адамды өз келбетіне ұқсатып жасады ма, не адам өзінің күмәнді келбеті бойынша өзіне Құдай жасады ма? Құдайдың адамгершілік нормаларын өзімізге қабылдауымыз керек пе, не өз қажеттіктерімізді Құдай атынан білдіруіміз керек пе?

Нақты түпнұсқа, Алла тағаланың адамдарды өзінің келбеті бойынша жасап, оларды тең етіп жаратқанынан тұрады және біздердің ешқайсымызда өзімізді жоғары күш иесіміз деп атауға құқығымыз жоқ.

Адамды жаратқан Құдай ғана оған өмір бере алады. Өмір бере алмайтын, оны ала да алмайды.

Құдайда әлемді жаратуда серіктесі болған емес, сондықтан оның жаратқанына қарсы соғыс жариялайтын да ешкім болмауы керек.

Большевизм құдайсыздықты, Құдайсыз өмірді насихаттады. Осы идеология жақтастары Құдайдың адамгершілік құндылықтарынсыз әлеуметтік әділдікке жету мүмкін деп сенді.

Большевизм, менің пікірімше, әділдікке қол жеткізуде жеңіліс тапты, ол Құдайды жоққа шығара алмады.

Адамзатқа әділет Құдайысыз және Бейбітшілік құдайысыз өмір сүру қиынға соғады. 

Біздің алтыншы өсиет ХХI ғасырда оның айналасында күрес жүріп жатқан маңызды сәтті білдіреді. Ол «Өлтірме» дейді.

Левиттен Библияда «Жақыныңды өзіңді сүйгендей сүй. Мен сенің құдайыңмын» дейді ғой.

Біздің діннің лейтмотиві мына шындық болып табылады: «Барлық адамзат Құдай келбетіне ұқсатып жаратылған».

Біздер жеккөрушілік пен дауды насихаттайтындарға қарсы қабылдамау даусын көтеруіміз керек, фанатизмді жоюымыз керек.Олардың осы аталатын құдайы - біздің Құдай емес. Олардың діні - біздің дін емес.

Біздің оларға жауабымыз - бейбіт бастаманы қолдау және дамыту.

Біздер Араб елдерінің көпшілігі тұрғысынан Израильмен бейбіт келісімдерге қатысты болған елеулі өзгерістер туралы білеміз: үш Хартум жоғынан кету - Израильмен келіссөзге жоқ, Израильді тану жоқ, Израильмен бейбітшілік жоқ - Сауд бастамасының үшеуіне «иә». Иордан Хашемит Корольдігінің Королі, Король Абдалла II Израиль мен 57 араб және мұсылман елдер арасында бейбітшілікке даярлықты нақты анықтады.

Осы мінберден Сіздердің рұқсаттарыңызбен, Президент мырза, мен Сауд Арабиясының Королі, Король Абдалла ибн Абдель Азиз аль-Саудқа, Араб Бейбіт Бағдарламасының бастамашысына мәлімдеме жасағым келеді. Мен Иерусалимде немесе Эр-Риядта немесе Қазақстанға келіп өзге Араб елдерінің басшыларымен бірге Сіздің идеяңызды, Сіздің пікіріңізді және жалпы біздің Құдайға сенушілердің бейбіт пен әділдік туралы пікірлерін білдіруге кездесуге шақырамын.

Осы конференция қатысушыларымен бізге біздер бір-бірімізге өзара қолдау рухында қолымызды созып, бүкіл әлемде, барлық адамдар ауқаты, бейбіт өмірі үшін, адамдар арасында бейбітшілік мен достастық, еркіндік, адам денсаулығы мен әл-ауқаты; әлеуметтік әділдік пен прогресс үшін мінажат етуіміз керек, бұл жағдайда түрлі халықтың әрбірінің бірегей рухани мұрасын да құрметтеуіміз керек.

Біздер тең және бірдей уақытта түрлі болу құқығына иеміз. Қылышты ораққа ауыстырып, соғысты артқа тастайық. Осылай болсын деп тілеймін, әмин!

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу