ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Оқиғалар arrow 02.12.2009 - Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
02.12.2009 - Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageБүгін Астанада, Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Сенатының спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Съез Хатшылығының кезекті отырысы ашылды.

Форум жұмысын аша отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев делегация басшыларына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жұмысына тұрақты және белсене қатысулары үшін ризашылық білдірді.

Спикердің пікірі бойынша, жер бетінде сенімді бейбітшіліктің орнауы, діндер үнқатысуы (диалогы) жолының ашылуы үшін діни төзімділікті ілгерілету, конструктивті үнқатысу (диалог) пен өзара сенімді дамыту қажет.

«Діннің негізі бұрмаланбай, дін туралы ғылым саясат пен идеологияның құралына айналмауы тиіс», - деді спикер.

Форум жұмысына тоқтала отырып, Қ.Тоқаев «бүгінгі жұмыс ІІІ Съез жұмысын қорытындылап, біздің 2012 жылға дейінгі іс-қимылдарымызды жоспарлауға мүмкіндік береді, мұнда дінаралық саммит жұмысын одан әрі жетілдіруді басты мақсат ретінде айқындауға болады» деп атап өтті.

Спикердің айтуынша, 2003 жылдан бері Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен және қолдауымен өткізіліп келе жатқан дінаралық форум әлемде дінаралық келісімнің алға басуы үшін және өркениеттер арасында үйлесімділікке қол жеткізуде аса маңызды роль ойнайды. Бұл фактыны әлемдік қауымдастық мойындап отыр.

Қазақстанның келесі жылдан бастап Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететінін, ал 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымын басқаратындығына тоқтай отырып, Қ.Тоқаев бұл «Қазақстанға мұсылмандық мемелекеттер мен батыс елдері арасындағы дінаралық, өркениетаралық және мәдениетаралық үнқатысудың (диалогтың) дамуына лайықты үлес қосу мүмкіндігін беретіндігін» атап өтті.

Астана қаласында алдағы жылдың жазында ЕҚЫҰ мемлекеттері басшыларының саммитін өткізу туралы бастама жөнінде айта отырып, спикер оның күн тәртібіне Этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеуді енгізу ұсынылатындығын атап өтті.

Отырыс барысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері үшінші Съезінің қоыртындылары бойынша пікір алмасу өтті, форум Хатшылығының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

 

Парламент Сенатының баспасөз қызметі

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу