ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Оқиғалар arrow 02.12.2009 - Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат
02.12.2009 - Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageБүгін Парламент Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті, Астана қаласында, Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан форум хатшылығының тоғызыншы отырысы шегінде Франция Митрополиті Эммануилмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың конфессияаралық келісім мен өркениеттер арасында келіссөзді қалыптастыру және нығайту бойынша бастамасын әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды.

Спикер, Константинополь шіркеуінің басшысы, Варфоломей патриархының атына сәлем жолдай отырып діни саммит жұмысына белсенді қатысқаны үшін сұхбаттасушысына алғыс айтты.

Съездің маңызды ерекшеліктеріне Қ. Тоқаевтың пікірі бойынша оған қатысып отырған діни қызметкерлер ғана емес әйгілі саясаткерлер де жатады.

Митрополит Эммануил, Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша өткізіліп жүрген діни форум ролін жоғары бағалай келіп Съездің діндер мен өркениеттер арасында жаһандық келіссөздердің елеулі бөлігі ретінде маңызын атап кетті.

 

раввин Мейром Дэниномен әңгіме барысында Қ. Тоқаев Израиль Бас сефард раввинінің өкіліне Съезд қызметіне тұрақты, белсенді және құрылымды қатысқану үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ Президент Н. Назарбаевтың діни төзімділік, келіссөз бен өзара сенім орнату бойынша бастамасын әрі қарай іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

 

Парламент Сенатының баспасөз қызметі

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу