| 03.12.2009 - Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпарат |
|
|
Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының кезекті, тоғызыншы отырысы аяқталды.Қорытынды сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Хатшылық жұмысына белсенді қатысқаны және отырыстың күн тәртібі бойынша сындарлы пікір алмасу үшін жиынға қатысушылардың бәріне ризашылық білдірді.
Съез қызметін одан әрі жетілдіру ісінде Әлемдік діндер лидерлерінің тұрақты байланысы мен үнқатысуларының маңыздылығын атап өте келіп төраға «әлем халықтарының дәстүрлі бірлігі мен конфессияаралық келісімі – біздің болашақ ұрпағымызға қалдыратын ең құнды игілігіміз», деп атап өтті.
Отырысқа қатысушылар күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелерді қарады, Хатшылықтың тоғызыншы отырысының Хаттамасын бекітті, алдағы IV Съез тақырыбының жобасын талқылады және Съез Хатшылығының оныншы отырысын өткізетін күнді белгіледі.
Одан басқа алдағы Жиынның қорытынды құжаттарын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобының құрамы бекітілді.
Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Д.Қуанышев бастаған жаңа Жұмыс тобының мүшелеріне арнаған сөзінде төраға үшінші Съезде айтылған идеялар мен пікірлерді талдауға қатысты және төртінші діни Жиынның күн тәртібі мен тақырыбы бойынша ұсыныстар әзірлеудегі бұдан былайғы жұмыстарға тілектестік білдірді.
Сол күні Парламент Сенатының Төрағасы - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.Дінаралық диалог жөніндегі Папа Кеңесінің ислам жөніндегі бас сарапшысы Халед Акашемен, Қасиетті Эджидио қауымының өкілі Эмберти Джаллоретимен, Шіркеу мен қоғамның өзара қатынасы жөніндегі Мәскеу Патриархаты Бөлім төрағасының орынбасары Георгий Рощинмен кездесулер барысында осы заманғы өзекті мәселелер, діни лидерлердің берік әлемді қалыптастырудағы рөлі талқыға салынды.
Съез қызметін жетілдіру мәселелеріне қатысты Қ.Тоқаев «осындай, оның ішінде жоғары деңгейдегі кездесулер, діни қайраткерлер мен беделді саясаткерлер арасындағы пікірлесу тұрғысында» өткенін жақтайтынын айтты.
Мәскеу және бүкіл Ресейдің патриархы Кириллдің Қазақстанға жоспарланған сапарына байланысты төраға оның маңызды оқиға екенін және «Әулие оның сапарының тарихи маңызы бар екені асырып айтқандық емес» деп атап өтті.Съез Хатшылығына қатысушылар осы жылғы жазда Астанада өткен үшінші діни Жиынның қорытындыларын жоғары бағалады.
Олардың айтуынша қазіргі кезде көптеген елдердің діни конфессия өкілдерінің Съез Хатшылығы құрамына енуді қалайтынын білдіруі конфессияаралық және өркениетаралық үнқатысуда Съездің беделі мен әсерінің арта түскенін көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының Баспасөз қызметі |
| < Алд. | Кел. > |
|---|