ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Діндер arrow Дін және қоғам arrow КЕЛЕШЕК ҮШІН ДИАЛОГ ЖӘНЕ ҮНДЕУ
КЕЛЕШЕК ҮШІН ДИАЛОГ ЖӘНЕ ҮНДЕУ Версия для печати e-mail - ға жіберу

 

Үстіміздегі жылы көктемде әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің кезекті IV Съезі өтеді. Бүкіл әлемнен рухани және саяси көшбасшылар, қоғам қайраткерлері мен сарапшылар жастардың жүрегі мен санасын жаулап отырған қазіргі заманның маңызды мәселелерін талқылау үшін көне қазақ жеріне жол тартады.

Біздің планетамызда шамамен 7 млрд. адам мекендейді. Олардың әрбірі өзінің және оны қоршаған адамдардың өмірі жақсы жаққа өзгеруі керек дегенге сенеді. Тері түсіне немесе уағыздайтын діні түрлі болғанына қарамастан сенім сезімі планетаның түрлі бұрыштарында адамдарды біріктіреді. Қазіргі әлем бұрынғы болған әлемге қарағанда өте басқа. Біздің барлығымыз арамызда қашықтық жоқтай «үлкен бір әлемдік ауылда» өмір сүріп жатырмыз.

Адамзат алдында бүгінгі күні қиын міндет тұр – қазіргі уақыттың күрделі проблемалары мен мәселелерін: бейбітшілік пен келісімді сақтау, соғыс пен қақтығыстардың алдын алу, қайыршылық пен аштықпен күрес, экологиялық проблемаларды шешу, адам саудасына қарсы тұру, СПИД таралуын болдырмау және басқа да көптеген проблемаларды шешу бойынша нақты адымдар қалыптастыру. Осы мәселелер жеке елдің проблемасы емес, олар бүкіл адамзат үшін күн тәртібінде тұр. Сондықтан бұрынырақтағы әлем тарихындағы жағдайларға ұқсас бүгінгі күні планета адамдары мен мемлекеттеріне келешек ұрпақ үшін түрлі пішінде диалог қажет.

Өткен заманның нақты мысалдары мен қателіктеріне арналған әлемдік тарих өзара диалог пен ынтмақтастық елдер мен халықтарды көтеріп, ал өзара сенімсіздік пен өшқойлық осынша нәзік әлемді бұзатынына дәлел бола алады. Өткен соғыстар мен қақтығыстар бір біріне жеке елдерді қарсы қойды, бірақ бізде өте елеулі дәлел бар, ол барлық қарама-қайшы тараптарды біріктіру мен бейбіт өмір сүруіне қызмет етеді. Қазір ғылыми-техникалық прогресс кезінде мақсатқа күшпен емес, құрастырымды келіссөз құру арқылы қол жеткізуге болатын дәуір қалыптасты. Күн тәртібіндегі тақырыптарды тұрақты талқылау мен олардың шешімдері табылатын әлемдік алаңдардың бірі Қазақстанның жас астанасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі болыптабылады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың практикалық тұрғыдан заманымыздың проблемаларын шешу жолдарын табуға көмектесетін дәни форумды өткізу туралы бастамасы әлемдік қоғам арасында жаппай қолдауға ие болды. Бұған растау – іс-шараға қатысушыларды ұлғайту, бұдан талқылау пен одан кейінгі іс-әрекеттер қалпын кеңейту. Мысалы Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің III Съезін өткізу Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өткізілді. Екінші жағынан бұл Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты – мемлекеттің түйінді саяси институтының айрықша бақылауы мен назарында тұрған халықаралық іс-шараны ұйымдастырудың салмақты деңгейіне куә болады.

Діни лидерлер диалогының пішіні жер залқының еңбелсенді және қарқынды бөлігі – жас адамдарға сөзсіз қатысты болатын заманымыздың проблемаларын шешу жолы болып табылады. БҰҰ деректері бойынша келесі ғасырдың соңына қарай 30 жас мөлшеріне дейінгі тұлғалар жер шарындағы халықтардың 60%-ын, ал 25 жасқа дейінгі адамдар – шамамен 50% құрайтын болады. Өте оң сәттердің бірі алдағы өтетін IV Съездің секциялық жиналысында қазіргі замандағы жастардың ролінің қарастырылуы болып табылады. Ал алда тұрған мәселелер өте көп. Бүкіл әлемде жастар еңбекпен қамтылу перспективасының болмауына алаңдайды және жұмыс орнын табу мүмкіндігін кеңейтуді талап етеді.

2010 жыл соңында жастар арасында жұмыссыздықтың жалпы әлемдік деңгейі 12,6% құрады. Бүгінгі күні жұмыспен қамтылған жастардың шамамен 152 миллионы қайыршылық деңгейінен төмен отбасыларында тұрады (күніне 1,25 АҚШ доллары), бұл кедей еңбеккерлердің жалпы санының 24% құрайды. Қазіргі кезде жастар әлем халқының 18 пайызын құрайды, олардың ішінде жер шарындағы жастардың 85 пайызы дамушы елдерде тұрады. Шамамен 10 миллион жас адамдар ВИЧ/СПИД-пен ауырады. Білім алуда даму 113 миллион балаға жеткен жоқ, олар мектепке бармайды – қазіргі әлемдегі сауатсыз жастардың 130-миллиондық тобымен салыстырыла алады.

Тағы бір алаңдатарлық жағдай балаларға қатысты болып табылады – бүкіл әлемде үй-күйсіз балалар армиясы шамамен 40 миллион адамға жетеді. Күн сайын іш өту, малярия немесе аштықты қоса емделуге және алдын алуға келмейтін аурудан бес жас мөлшеріне дейінгі жастағы 26 000 бала көз жұмады. Шамамен 2,3 миллион ВИЧ/СПИД-пен ауырады, тағы 15 миллион адам осының салдарынан жетім атанды. Қол жеткізілген таза суға қолы жететін 1,2 миллиард баланы қамтамасыз етуге қарамастан, 18 жас мөлшеріне жейінгі жастағы тағы 425 миллионы қауіпті су көзінен жиі су ішіп тұрады, ал 980 миллионы санитария саласында негізгі қызметтерге қол жеткізе алмай отыр. БҰҰ деректері бойынша қазіргі уақытта Либерия, Ирак және Ауғанстанда 250 000-нан астам бала-әскерлер бар. Сондықтан мемлекеттердің ғана емес діни қоғамдастық өкілдерінің бірлескен ынтымақтастығы қажет.

Діни ұйымдарда жеткіншек ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру бөлігінде өте пайдалы болатын, жастармен жұмыс істеудің бай тәжірибесі бар екені мәлім. Әлемде болыпжатқан қазіргі дағдарыс – бұл бірінші кезекте рухани – адамгершілік жетіспеушіліктен болатын дағдарыс болып отыр, бұл қазір арамызда берік орын алған. Қазіргі уақыттың құндылық бағыттары да үлкен проблема болып отыр, Ресей бизнесінің өкілі атап кеткендей: «Капитализм — үлкен, іргелі проблема. Ақша жетістіктің әмбебап өлшеуіші болып табылатын жағдайда жүйе жетілмейді және бұдан көптеген нәрсе зардап шегеді. Әсіресе адамгершілік өте ақсайды».

Осы қатынаста жастар өздерінің жас мөлшеріне қарай экстремистік және террористік тұрғыдағы идеялар арасында қорғансыз болып табылады. Әдетте әділдік пен мейірімділік үшін күресте жастар тым қайшылыққа баруы мүмкін. Осындай қауіптен жастарды ағартушылық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қорғау керек. Қорғашан орта туралы бұрыс ойлардың нашарлығы мен қателігі туралы жастармен әңгімелесу керек. Себебі әр адам өзінің ойы бойынша әлемді өзгерте алады деген сеніммен көптеген ойларының басымдығы ерте жас кезеңдерін есінде сақтайды. Осы шынайылық пен әділдікке және жарқын болашаққа деген сенім күнделікті қалыпта бәсеңдеп көмескі тартады. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаев өзінің қара сөздерінде «адам - өз уақытының ұрпағы. Егер ол жаман болса, оған оның өз замандастары кінәлі» деген. Бірақ бар қиыншылықтар мен проблемаларға қарамастан адамдар құтқарушы – Құдайға сенеді. Осы бойынша Абай «Жалғыз және Құдыретті Құдайдың барлығына дәлел көптеген жылдар бойына түрлі тілде адамдар Құдайдың барлығы туралы сенеді және әлемде қанша дін болса да, барлығы Құжайға сүйіспеншілік пен әділдік тән деп санайды». Себебі Құдай бүкіл дінде біреу. Оңтүстік Шығыс Азияда бір керемет жағдай болды, шіркеулер мен мешікттер су тасқынынан кейін сақталып, ал қалалар жер бетінен шайылып кеткен кез еді. Құдайдың өзі діндер арасында айырмашылық жоқ, мейірімділік пен қаскөйлік, әділдік пен қатыгездік арасында ғана айырмашылық бар екенін білдіргісі келетін сияқты. Адамға деген сүйіспеншіліктегі бірлік – бір-бірімізді жақындататын сезілмейтін өзек немесе көпір.

Қазіргі әлемнің барлық кемшіліктері жағдайда керемет уақытта өмір сүріп отырмыз деп айта аламыз. Қазіргі дәуірдің басты айырмашылығы ойлар мен идеялар бірігіп, әлем кескінін өзгерте алатындығында тұр. Осы жағдайда біздің Жеріміздің әр бұрышында өмір сүріп отырған жастар үлкен роль атқарады. Қазірдің өзінде жастар әлемді жақсы, таза етуге және жылылыққа толтыруға ұмтылады. Жастар өз үйімен, өз елімен шектеліп қоймай, ядролық әлем үшін әлемдік процеске, экологиялық проблемаларды, тапшылық пен адамдарды аштықтан қорғау процестеріне белсенді қатысушы болып отыр. Әлемде мейірімді жастар жетерлік және осы жерде жастар даусы жарқын шығып үдей түсуде. Осы дауыс Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезінде де естілуі керек. Жастарға олардың бастамаларына қолдау көрсету, әлеуметтік бастамаларды өсіру нүктелері мен алаңдарын құру керек. Съездің жасампаз рухы мен рухани тұлғалар батасы діни тиесілігіне қарамастан жастар идеясын алға жылжытуға пайдасын тигізері сөзсіз.

Қазақ халқында балалар атасынан өзып тууы керек деген пікір қалыптасқан. Жас ұрпақ жақсы өмір сүру мүмкіндігіне ие және сондықтан жастар өздерін әрі қарай дамыту үшін барлық күшімізді жұмсауымыз керек.

 

Ибрагим Каппасов
 
политолог
Айкенова Дина
 
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
 
политология докторанты
 
 
< Алд.   Кел. >