ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Съезд arrow IV Съезд arrow Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV съезінің анотацияланған күн тіртібі
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері IV съезінің анотацияланған күн тіртібі Версия для печати e-mail - ға жіберу

 

 

№1 секциялық отырыс анотацияланған күн тәртібі 

«Діни лидерлердің тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлі»

 
 

Тарих дамуының қазіргі заманғы кезеңінде діни лидерлердің рөлі аса маңызды. Олардың жеке беделінің және жеке күш-жігерінің арқасында қоғамда, халық арасында бейбітшілік пен келісімге қол жеткізіліп келеді, өркениеттің қарышты және орнықты дамуы қамтамасыз етілуде.

 

 

 

Орнықты дамуды түсіну мен айқындауға деген түрлі көзқарас бар. Әңгіме қазіргі және болашақ ұрпақтың «адам-қоғам-табиғат» жүйесінің жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі жағдайында ұзағынан, үздіксіз, теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үдерісі туралы болып отыр.

 

Адамзаттың жаңа қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерді түйсінуі орнықты дамуға көшуді көздеген адамзаттың аман қалуға және одан әрі үздіксіз дамуға ықпал ететін негіздер мен қағидаттарды іздеуге ұмтылдырады.

 

Кең ауқымды деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ету орнықты дамудың іргелі негізі болып табылады, оның өзегінде мемлекет пен қоғамның да, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің де өмірлік маңызы бар проблемасына айналған биосаланы сақтау, өркениеттің аман қалуы мен ұзақ дамуы жатыр.

 

 

Секцияда мынадай мәселелерді талқылау қарастырылып отыр:

 

1. Адамзат тарихындағы дін лидерлері.

 

2. Дін лидерлерінің әлемдік мәдениетке, жалпыадамзаттық құндылықтарға қосқан үлесі.

 

3. Дін лидерлерінің мемлекет пен қоғам арасындағы диалогқа қолдау көрсетуі.

 

4. Дін лидерлерінің келіспеушіліктерді еңсерудегі, дінаралық даулар мен қайшылықтарды шешудегі рөлі.

 

5. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің әр түрлі мәдениеттер мен этностық топтар арасында өзара түсіністікті нығайтудағы, дінаралық және этносаралық төзімділік пен сабырлықты таратудағы рөлі.

 

6. Діни лидерлердің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі.

 

7. Діни лидерлердің әлемдік экономикалық және әлеуметтік проблемаларды ұлттық және халықаралық деңгейде шешуге қосқан үлесі.

 

8. Діни лидерлердің қазіргі әлемдегі қақтығыстардың алдын алудағы рөлі.

 

9. Діни лидерлердің өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу мен қамқорлыққа алудағы жауапкершілігі.

 

10. Діни лидерлердің қоғамды рухани жетілдіруге қосқан үлесі.

 

 

11. Діни лидерлердің ынтымақтастығы - өркениеттің орнықты дамуына қол жеткізудің факторы.   

 

 

№ 2 секциялық отырыс анотацияланған күн тәртібі «Дін және мәдениеттер алуандығы»

 

 

Мәдениеттер алуандығы – жекелеген бір елде және тұтастай алғанда әлемде мәдени түрлілікті дамыту мен сақтауға бағытталған саясат және осындай саясатты негіздейтін теория немесе идеология.

 

 

Жаһандану және ықпалдасу үдерістері нәтижесінде көптеген елдерде өздерінің мәдени ерекшеліктерін жоғалтып алу қаупі пайда болып отыр. Мұндай жағдайда мәдениеттер алуандығының рөлі мен маңызын ой елегінен қайта өткізу қажеттігі туындайды, өйткені мәдениеттер алуандығының негізгі идеясы үйлесімді қоғам құру болып табылады. 

 

 

Кейбір елдердің  мәдениеттер алуандығының дағдарысы туралы айтатынын ескере келгенде, мәдениеттер алуандығының тіршілік ету және үнқатысу проблемалары қазіргі заманғы қоғам үшін аса өзекті  мәселе болып табылады.


 

Осыған байланысты бұл проблема әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінен ой елегінен қайта өткізуді және пайымдауды, мәдениеттер алуандығының құнды әлеуетін сақтап қалу жөнінде сындарлы ұсыныстар тұжырымдауды талап етеді.  


 

Секцияда мынадай мәселелерді талқылау қарастырылады:

 

 

1.     Бірыңғай қоғамдық кеңістіктегі діни нанымның саналуандығы.

 

2. Мәдениеттер алуандығы  - әлемдегі мәдени өзгешеліктерді дамытуға

 

және сақтауға бағытталған саясат.

 

3.     Мәдениеттер алуандығы мен жаһанданудың арақатынасы.

 

4. Байсалды қоғам - мәдениеттер алуандығының негізгі идеясы.

 

5. Бұқаралық мәдениетті жалпыадамзаттық бағытта байыту және дамыту мақсатында мәдениеттердің қатар тіршілік ету қағидаттары.

 

6. Діни мәдениеттер алуандығы: жетістіктер мен проблемалар.

 

7. Мәдениеттер алуандығының рөлі мен маңызын ой елегінен қайта өткізу.

 

8. Жаһандану және қыр көрсетулер жағдайларында мәдени ерекшелік пен туа біткен өзгешелікті сақтап қалу.

9. Мәдениеттер алуандығы тұжырымдамасы сәтсіздігінің ықтимал салдарлары.

№3  секциялық отырыс анотацияланған күн тәртібі 

 

 

«Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи қатерлер»


Қоғамда оның имандылық негіздерін сақтау, отбасылық құндылықтарды жаңғырту мен жас ұрпақты тәрбиелеу проблемалары өткір қойылып отыр. Осындай жағдайда қоғамдық құндылықтар дағдарысы тұрғысынан алғанда әйелдің рөлі мен орны туралы мәселе айрықша өзекті бола түседі.

 

 

 

Кез-келген әйел-ананың өмірлік талпынысы ретінде  отбасының татулығы мен  амандығы  жалпы алғанда қоғам ұмтылысына сай келеді.


 

 

Қазіргі әйел қандай да бір тіршілік саласына белсене араласа отырып,  қоғамның рухани - имандылық тұрғыдан  дамуына және қоғамдық қатынастарды жарасымды ету үдерісіне  зор үлес қосуға қабілетті.

 

 

 

Ол өзіне дәстүрлі түрде жүктелген  ана, отбасының киесі,  моральдық – имандылық  және этикалық нормалар мен қағидаларды ұстанудың үлгісі бола жүріп, оларды ұрпақтан  ұрпаққа ұластырып келеді. Әйелдің әлеуметтік және отбасылық салалардағы рөлі айрықша маңызға ие болып отыр, ол бүгінде өсе түсуге тиіс, мұның өзі қазіргі қоғамның бұдан былайғы қолайлы және жарасымды дамуының қажетті шарты болып табылады.


 

Секцияда келесі мәселелерді талқылау қарастырылады:

 

 

1.           Әлем діндеріндегі әйел бейнесі.

 

2.           Әйелдің отбасындағы рөлі.

 

3.           Әйелдің қоғамдағы рөлі.

 

4.           Әйел және саясат.

 

5.           Қазіргі әйелдің рухани – имандылық әлеуеті.

 

6.           Әмбебап құндылықтар аясындағы әйел құқықтары.

 

7.           Ұлттың, планетаның болашағы үшін әйелдің жауапкершілігі.

 

8.           Мәдениетаралық және дінаралық үнқатысу саласындағы әйелдің және әйелдер ұйымдарының рөлі.

 

9.           Бизнесті дамытудағы әйелдің рөлі: проблемалар, шешімдер, жауапкершілік.

 

№4 секциялық отырыс  анотацияланған күн тәртібі

  

«Дін және жастар»

 

 

 

         Жастардың қазіргі қоғамдағы рөлінің артуы, олардың әлеуметтік, экономикалық, саяси үдерістер барысына әсері өзекті мәселе болып табылады.

 

 

         Жастар – қоғамның белсенді топтарының бірі.         Жастар – бұл халықтың, мемлекеттің, әлемнің болашағы. Жастар өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік болмыстың айнасы болып табылады. Жастардың қоғамдағы жағдайы мен рөлі қоғамның жай-күйінің және оның прогреске қабілеттілігінің көрсеткіші болып отыр.

 

 

         Жастар орасан зор зияткерлік әлеуеттің, шығармашылыққа деген ерекше қабілеттің қайнар көзі болып табылады, сондықтан да ол консерватизм мен тоқырауға табиғатында қарсы. 

 

         Діни лидерлерге өскелең ұрпақ тәрбиесі үшін, олардың бойына басқа діни ілімдер мен рухани дәстүрлерді терең түсініп, құрметтей білуді дарыту үшін үлкен жауапкершілік жүктелген. Олар жастардың өз өмір жолын таңдауына жәрдем көрсетеді.

 

         Өзінің әлеуметтік және психологиялық  сипаттамалары мен қоршаған ортаны түйсіну жітілігіне қарай жастар қоғамның радикалдық көзқарастары мен наным-сенімдерін мейлінше тез сіңіріп алатын бөлігі болып табылады. Діни лидерлер жастардың  шынайы және жалған дінді таңдай білуіне көмектеседі.

 

         Таяу келешекте нақ осы жастар рухани келісім мен өзара құрметтің сақталуы үшін зор жауапкершілік жүгін қабылдап алады. Бұл қазіргі әлем діни белгілер бойынша да жіктелініп жатқан шақта айрықша маңызды. Осы қайырлы істе, қай дәуірде болмасын жалпыадамзаттық құндылықтардың қайнар көзі болған дін үлкен рөл атқарады.

 

 

         Секцияда мынадай мәселерді талқылау көзделеді:     

 

1. Қазіргі заманғы жастардың құндылық бағдары мен қажеттіліктері.

 

2. Әмбебап құндылықтар аясындағы жастардың құқықтары.

 

3. Жастар ортасындағы қазіргі әлеуметтік басым талғамдарға сәйкес моральдық  таңдау.

 

4. Өскелең ұрпақты тұлғалық қалыптастыру факторы ретіндегі діни құндылықтар.

 

5. Діни лидер және жастар: өзара іс-қимыл перспективалары

 

6. Жастардың жаңа діни ағымдарға көзқарасы/қатысуы

7. Жастардың бойында рухани-имандылық мәдениетін қалыптастырып, дамытудағы діннің рөлі.

 

8. Жастар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұрудағы діни ұйымдардың рөлі. 

9. Дінаралық төзімділік пен өзара құрмет тәрбиесінің факторы ретіндегі діни ағартушылық.
10. Дәстүрлі діни институттар діни экстремизмге қарсы тұру жолдары туралы.

 

 
< Алд.   Кел. >