ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Діндер arrow Дін және қоғам arrow Дінаралық диалог авангардында
Дінаралық диалог авангардында Версия для печати e-mail - ға жіберу

Кайрат МАМИ, ҚР Парламент Сенатының төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Съезі Хатшылығының басшысы

Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанда бүкіл әлемге «қазақстандық жол» ретінде әйгілі және танымал этно саралық және конфессия аралық келісім қоғамының меншікті бірегей үлгісі құрылды. Әлемде туындап отырған этно саралық және конфессия аралық қақтығыстар фонында осы бір бірегей қазақстандық тәжірибе жаһандық деңгейде қажетін тапты. Астананың әлемдік қоғамдастықтың діни лидерлерінің кездесу орны мен келіссөз алаңы болуы кездейсоқ емес.  

Әлемде сауда-экономикалық және саяси қарым-қатынастарды жаһандандыру адамзат күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды жаһандандырумен қақтығысады. Осындай «заманауи қақтығыстар мен қауіптер» сияқты жауыр болған түсініктер күрделі түсіну мен талдауды қажетсінетін сауалдардың ауқымды тізілімінен тұрады. Практика көрсетіп отырғандай оларды айналып өту немесе келешекке жылжыту мүмкін емес. Олармен айналысу керек, себебі заманауи қақтығыстары бүгінгі күнгі адам мен қоғам тұрмысына тиіп жатады, атап айтқанда мәдени-рухани және отбасы құндылықтары, өмірлік идеалдар мен бейімдер, әл-ауқат және қауіпсіздік.

Діндер мен рухани құндылықтар өркениет пен мәдениетті қалыптастырғаны шындық болып табылады. Бұдан адам өз отбасында, қоғамда, қоршаған ортада өмір сүре отырып алатын құндылықтар мен білім тасымалдаушысы болып табылады. Практика көрсетіп отырғандай қазіргі әлемде қақтығыстар мен соғыстар факторының бірі түрлі дінге, конфессиялар мен мәдениетке жататын түрлі қоғамдастық өкілдері арасында тиісті өзара түсіністіктің болмауы болып табылады.

Тиісті өзара түсіністіктің болмауында карикатуралық даулар, қоғамаралық қақтығыстар, мәдени құрылымдарды және зираттарды ойрандау, көшіп келгендер мен басқа дін өкілдеріне қатысты жасанды ушықтырылатын қорқу, сондай-ақ басқа жеке тұлғаның рухани құндылықтар тәртібін қабылдамау, түсінбеу сияқты діни тұрғыдағы қақтығыстар табиғаты жасырынып жатыр. Өкінішке орай діни экстремизм мен террор қаупі азайып тұрған жоқ, олар діннің қасиетті идеалдарын бүркеніп адамдар арасында дау мен сенімсіздік тұқымын сеуіп, біздің планетамыздың түрлі бұрыштарында азаматтар ойын улап, көңіл-күйлеріне әсер еткісі келеді.

Дінаралық және мәдениет аралық текте қақтығыстар мен даулардың ушығуына орай, сондай-ақ көрсетілген мәселелер жаһандық сипатқа ие болғанына байланысты, әлем бүгінгі күні осы проблема факторларының мәнін белсенді зерттеп, оларды шешу жолдарын іздестіреді.

Осы контексте Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастамасы бойынша қазіргі заман тарихында алғашқылардың бірі болып дінаралық және өркениетаралық келіссөзді алға жылжытумен айналысты, бүгінгі таңда басқа елдер мен блоктар да осы бастаңғыға өз үлестерін қосқылары келеді. Қазақстан халықаралық құқық субъектілерінің арасында біріншілердің бірі болып өзіне жауаптылық жүктеді және іс жүзінде түрлі әлемдік және дәстүрлі дін мен конфессиялар лидерлері арасында келіссөздерді алға жылжытумен айналыса бастады.

2003 жылы Қазақстан мемлекеті елбасының бастамасымен жиналған әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің алғашқы съезі планета халықтары арасында рухани жақындау процесін бастады. Көрсетілген процесте кейінірек Испания мен Түркияның бірлескен бастамасы ретінде туындаған Өркениеттер альянсы – форумы, Қасиетті Эджидия қоғамы, Дохада дінаралық келіссөз конференциясы, Мекке халықаралық мұсылмандар конференциясы, Мадрид халықаралық форумы және тағы басқалары сияқтыларды қоса дінаралық, мәдениетаралық және өркениетаралық келіссөз бен өзара түсіністікті қалыптастыру мен алға жылжыту мақсатын көздейтін басқа да форумдар қосылды. Бейбітшілікті көздейтін ұйымдардың осы қатарында ерекше орынға дәстүрлі түрде Еуразия меруерті-Астана қаласында жиналатын әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі ерекше орын алады.

Барынша заңды сауал қойылатыны белгілі – Қазақстан осы проблемамен неге айналыса бастады және осы съезден біздің елге деген қандай пайда бар?

Адамзат тарихында біздің ел ешқашан қалыс қалып көрген емес, ол өркениет пен мәдениеттер арасында көпір бола білді. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қазіргі аумағы бойынша өтетін және Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстіктің өзара мәдени және рухани баюының арнасы болып қызмет етті. А. Македонскийдің Эллилік өркениеті біздің даламызға жетіп жатты, Будда оқулары мен ислам әлемінің ғылыми жетістіктері Қытайға және Шығыс Еуразияның басқа бөліктеріне Орталық Азия аумағы арқылы жетіп жатты, батыл еуропалық саяхатшылар Марко Поло, Плано Карпини мен Гильом Рубрук монғол империясының астанасына дейін біздің аумақ арқылы өтті.

751 жылы бір жағынан Аббасид халифаты мен Түргеш қағанатының арасында және Таң Қытайы әскерінің арасында болған Талас соғысы Орталық Азия тарихына үлкен әсер етті. Біздің өңірде мәдениет пен рухани құндылықтардың көтерілуіне үлкен әсер етіп, біздің өңірде ислам таралуы бастау алды. Келешекте Қазақстан деп аталатын ауқымды аумақта Фараб, Испиджаб (Сайрам), Сығанақ, Сауран, Сарайшық сияқты басқа да қалалар тұрғызылып дамып гүлденді. Әл-Фараби бастаған ғалымдар шоғыры әлем ғылымына баға жетпес үлес қосты.

Тағдыр салуымен біздің бабаларымыз Шыңғысхан мен Әмір Темір империяларын қалыптастырылуға қатысты. Империя мұрасы болып табылатын Заируддин Бабыр тұрғызған Тәж-Махал (Агра), Лал Кила (Қызыл қорған-Дели), Лахор Кила (Лахор қорғаны) сияқты Оңтүстік Азияның ұлы сәулеткерлік ескерткіштерінде Орталық Азиялық таңба байқалады.

Әрине жоғарыда аталғандар біздің отанымыздың бай және бірнеше ғасырлық тарихына қатысы бар аз-мұз фактілер болып табылады. Бірақ осылар біздің бабаларымыз бен қалған әлем арасында үнемі белсенді өзара әрекет және мәдени мен рухани жетістіктердің өзара кірігуі жүргенін көрсетеді, сондай-ақ біздің ел жалпы адамзаттық, әлемдік тарихтың қалыптасуы мен дамуына елеулі әсер еткен оқиғалар арнасынан қалыс қалып көрген емес.

Енді қазіргі біздің XXI ғасырда әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі әлем мен жеке Қазақстанға не берді?

Мен жоғарыда атап кеткенімдей, осы халықаралық іс-шара дінаралық және өркениетаралық келіссөзді алға жылжыту бойынша алғашқы саммиттердің бірі болды. Съезд рухани құндылықтардың жаһандық өзара кірігу, адамдар санасында адамзаттың дәстүрлі діндерінің қасиетті идеалдарын насихаттау мен нығайту процесінің елеулі қозғалтқыштарының бірі бола білді.

Съезд алғаш рет бірнеше ғасырлық діни оқуларына, надандық, экстремизмдік және террор идеологиясына шырмалғандарды адамзаттың асыл идеяларымен қарама-қарсы қоя білді.

Бұл жерде ұлы Абайдың сөздерін еске алуға болады: «Адамшылықтың алды: махаббат, ғадәләт, сезім». Шынымен барлық уақытта әлем осы құндылыққа сүйенді, адамзат қоғамында махаббатқа, әділдік пен жоғары сезімдерге орай бейбітшілік пен тұрақтылық, әл-ауқат артуы мен даму қалыптасты.

Алдында болып өткен дін лидерлерінің үш съезінде ислам, христиандық, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және қалған дәстүрлі дін басшылары мен көрнекі өкілдері қатысты. Оларда қоғам мен халықтардың рухани жақындасуы бойынша қызықты да мазмұнды әңгіме өтті, бірлескен декларациялар қабылданды және қарапайым азаматтар, елдер мен халықтарға арналған рухани лидерлер баяндамалары тыңдалды.

Съезд шеңберінде түрлі дін мен конфессиялар өкілдері арасында байланыс құрылып нығайды, бұл біздің жалпы үйіміз – Жер шарында бейбіт қатар өмір сүру мен үйлесімдіктің басты құраушылары болып табылатын діни қауымдастықтар арасында сенім мен өзара құрмет артуына көмектесті. Қазақстан әлем қоғамдастықтарын мейірімді бастамаларға итермеледі, әлемнің түрлі бұрыштарында адамдар жүрегінде құрмет пен қолдауға ие болды. Себебі съезді болашаққа ұлт лидері, елдің негізін құраушы жетектеген жас мемлекет өткізіп отыр. Съезді өзінің тәуелсіз дамуында ауқымды жетістіктерге жеткен және өңірде даму үлгісі бола білген салыстырмалы жас қоғам өткізеді. Съезді қоғамның қандай да бір этномәдениетті немесе діни бөлігінің маргиналдауын болдырмаумен мақсатты түрде айналысатын ел өткізеді.

Дінаралық келіссөзді дамытуға қосылған үлес біздің елдің ұлттар қоғамдастығында беделін арттырды, жаһандық құрылымдарда Қазақстан өзінің мейірімді бастамаларымен және экономикасы қарқынды дамыған, өзара түсіністік пен өзара құрмет негізінде жұмылған қоғам ретінде таныла бастады.

Биылғы жылы Қазақстан астанасында әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің IV Съезі өтеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастауымен өткізілетін кезекті рухани конгресс Астана қаласында 30-31 мамырда «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы» деген девизбен өтетін болады.

IV Съезд шеңберінде бірқатар өзекті тақырыптық блоктар қарастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда «Орнықты дамуға жетуде діни көшбасшылардың ролі» атты тақырыбының маңыздылығы рухани басшылардың адамзаттың қауіпсіз дамуын, біздің қоғамда үйлесім мен өзара құрметті қамтамасыз етуде рухани басшылар миссияларының маңыздылығымен анықталады. Бұл жерде сондай-ақ түрлі діндердің рухани басшыларының ұлттық және халықаралық деңгейде әлемдік экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде үлестері талқыланып атап кетілетін болады.

«Дін және мультикультурализм» тақырыбы шеңберінде түрлі діндер, конфессия, нәсіл, мәдениет пен география өкілдерінен тұратын қазіргі заман қоғамының даму мәселелері талқыланатын болады. Бүгінгі күні «ассимилляциясыз бірігу» үлгісі заманымыздың ең өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Сарапшылар пікірі бойынша мультикультурализм мәдени-рухани құндылықтардың өзара кірігуін, баюы мен дамуын қарастыруы керек және қоғамда басқа этникалық пен діни өзіндікке, басқа әлемтану пікірлерге құрметпен қарау қалыптасуы керек.

Үшінші тақырыптық блок «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи қайшылықтар» қоғамның адамгершілік-рухани негіздерін нығайту және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды жаңғырту мәселелерін қарастырады, себебі осы құндылықтар әлемнің орнықты дамуының сөзсіз шарты, адамзат өмірінің мәні мен мақсатын тануға арналған кілт болып табылады. Съезге қатысушылар әйелдің отбасы мен қоғамдағы орны терең құрметке, тануға ие болуы және барлық адамдар мен ұйымдардан жан-жақты қолдау табуы керектігіне назар аударады.

Қазіргі жастардың құндылықтары мен қажеттіктері проблемасын, оның әлеуметтік қалауын «Дін және жастар» блогында талқылау жоспарланады. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, себебі келешекте әлем жастары мәдениеттер мен өркениеттер арасында рухани келісім мен өзара құрмет сақталуына үлкен жауаптылыққа иеленеді.

Осы күндері съезд хатшылығымен рухани форумды өткізуге бесенді дайындық жүргізіліп жатыр. Оның жұмысына ТМД мемлекеттерінен, Таяу Шығыс, Азия, Африка, Еуропа елдері мен Америкадан әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері мен өкілдері қатысады. Астанаға сондай-ақ әйгілі саясаткерлердің келуі күтіледі. Қатысушылардың жоғары деңгейі толыққанды келіссөз жүргізіп съездің қорытынды құжатында қабылданатын ұсынымдар беруге көмектеседі деп ойлаймын.

Форум шеңберінде біздің президентіміздің ұсынысы бойынша құрылған дләни лидерлер кеңесінің алғашқы отырысы болады. Құрамына көрнекі діни лидерлер кіретін кеңес форумның басты институттарының бірі болады.

Халықаралық аренада діни форумға деген қызығушылық, сондай-ақ оның күн тәртібі мен дайындалу барысы кезекті әлем және дәстүрлі дін лидерлерінің IV Съезі өзінің жарқындығы және мәнділігімен есте қалады, сондай-ақ планетамызда өзара құрмет, өзара түсіністік пен келісім қамтамасыз етуде шынайы үлес қосады деп сенім білдіруге болады. Съезд бейбітшілік пен адамзат дамуы үшін дінаралық келіссөз авангардында болады деп сенемін.

 
< Алд.   Кел. >