Құрметті қонақтар
Есімнама
Салман Аль-Хусаини Аль-Надви | Салман Аль-Хусаини Аль-Надви |
|
|
|
Туылған күні: 2 қыркүйек 1954 ж. Туған жері: Лакнау қаласы (Уттар Прадеш штаты, Үндістан) Білімі: "Надватул Улама" университетінің «хадис оқытушысы» маманы бойынша бакалавр және филология ғылымдарының магистры деңгейіне ие (Лакнау қаласы, Үндістан). Эр-Рияд қаласы (Сауд Арабиясы) университетінің араб тілі және әдебиеті дипломына ие. Қызметі: 1979 - 1984 жж. "Надватул Улама" университетінде қоғамдық және ғылыми қызметпен айналысады; 1984 ж. «Джамиат-е-Шабаб-е-Ислам» жастар ислам ұйымының президенті болып сайланды; 1988 ж. "Надватул Улама" шариғат оқытушысы; 1989 ж. "Надватул Улама" университетінің шариғатты зерттеу факультетінің деканы; 2000 ж. «Бүкіл Үндістандық мұсылмандар құқығын қорғау комитеті» оқу мекемесінің бөлім бастығы. Уттар - Прадеш штатында Діни білім кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Үндістанда және шетелде көптеген ислам оқу орталықтарының қосарлас төрағасы, кеңесшісі болып табылады. С. Надви Үндістанда және шетелде шығарылатын ағылшын, урду, парсы және араб тілдерінде түрлі он үш баспа басылымдарының редакторы және қосарлас басшысы болып табылады. Халықаралық діни семинарлар мен форумдарға жиі қатысып тұрады. Әбу-Даби қаласында дамушы елдерде балалар тағдырына арналған конференция жұмысына, Исламабад қаласында өткен қазіргі заман ислам проблемалары бойынша семинарға, Самарқанд қаласында өткен Бухари имам өмірі мен шығармасын зерттеу конференциясына, Хартум қаласында Өңірлік ислам семинарына қатысты. Діни әдебиетті оқумен айналысады, араб әдебиеті мен тарихын зерттейді. Отбасылық жағдайы, үйленген, 8 баласы бар. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|