ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Ишмаэль Ноко Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageДүниежүзілік Лютеран Федерациясының Бас Хатшысы

Аса құрметті доктор Ишмаэль Ноко Дүниежүзілік Лютеран Федерациясының (ВЛФ) бірінші африкалық бас хатшысы болып табылады. Ол 1943 жылы 29 қазанда Зимбабведе дүниеге келді, онда мектепте білім алды. Оңтүстік Африкада, Преторийде Оңтүстік - Африка Университетін, сондай-ақ Зулулэнд Университетін аяқтады. 1971 жылы Өнер бакалаврі (Bachelor of Arts) (деңгейін), ал 1974 жылы Канадада, Саскатунда Лютеран Методологиялық семинария шеберінің деңгейін алды. 1977 жылы И.Ноко Квебек, Мак-Гилл университетінің философия докторы деңгейін алды.

Канада оқып жүрген кезінде И.Ноко приход пасторы және университетте оқытушы болып жұмыс істеді. 1977 жылдан 1982 жылдары Ботсвана университетінде жұмыс істеді.

1982 жылы мамыр айында Дүниежүзілік Лютеран Федерациясына өтті, онда бейбітшілікке, шіркеулік ынтымақтастық, сондай-ақ миссия мен дамуға қызмет ету департаменттерінде жұмыс істеді. 1994 жылы ЛВФ Кеңесімен Федерацияның Бас Хатшысы орнына сайланды. Әкімшілік міндеттемелерден басқа, оның құзыреті саласында діни қызметтер кіреді.

Бас Хатшы ретінде И.Ноко Федерацияның жоғарғы атқарушы тұлғасы болып табылады.

Ол Рим Католик Шіркеуімен ақтау доктринасы бойынша Бірлескен Декларацияға қол қою барысында елеулі роль атқарды. Бұдан басқа христиандық қоғамдастықтармен және өзге діндермен байланыс, сондай-ақ мемлекеттермен қарым қатынасқа жауапты болады.

Доктор Ноко Лютер сыйлығымен (1994 ж), Лютеран теологиялық семинария, Саскатун, Канада құрмет доктораттарымен, Филадельфия, АҚШ, Конкордия Колледж, Солтүстік Дакота, АҚШ, Лютеран теологиялық семинария доктораттарымен марапатталды. 2000 жылғы 7 қазанда оған Славкова қаласының (Чех Республикасы) құрметті азаматы атағы берілді.

Отбасы бар, қызы екі ұлы бар.

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу