Құрметті қонақтар
Есімнама
Миронов Сергей Михайлович | Миронов Сергей Михайлович |
|
|
|
1953 жылы 14 ақпанда Ленинградта дүниеге келді. Білімі жоғары, 1980 жылы Г.В. Плеханов атындағы Ленинград кен институтын, 1992 жылы - Санкт-Петербург техникалық университетін, 1997 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанында Ресей мемлекеттік қызмет академиясын үздік, 1998 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетін үздік бітіріп шықты. Жоғары техникалық, экономикалық, заң біліміне, сондай-ақ мемлекеттік және муниципалдық басқару саласында жоғары білімге ие, заң ғылымы кандидаты ғылыми дәрежеге ізденуші болып табылады. 1971-1973 жылдары Совет Армиясында әуе-десанттық іскерде шұғыл қызметтен өтті. 1978 - 1986 жылдары ССРО Геология министрлігінің Зеленогор экспедициясының геофизигі, "Рудгеофизика" ҒӨБ аға инженер - геофизигі болып жұмыс істеді. 1986 - 1991 жылдары ССРО Геология министрлігінің жіберуімен Монғол Халық Республикасында аэропартиясында аға геофизик болып жұмыс істеді. 1993 жылы Ресей Қаржы министрлігінен құнды қағаздар рыногында жұмыс істеу құқығына аттестат алды. 1994 - 1995 жылдары «Строительная корпорация «Возрождение Санкт-Петербурга». АООТ атқарушы директоры. 1994 жылы бірінші шақырудағы Санкт-Петербургтің Заңнамалық Жиналыс депутаты болып сайланды, 1995 жылғы сәуірден бастап - Санкт-Петербургтің Заңнамалық Жиналысы төрағасының бірінші орынбасары. 1998 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін бірінші шақырудағы Санкт-Петербург Заңнамалық Жиналыс төрағасы міндетін атқарды. 1998 жылғы желтоқсаннан бастап екінші шақырудағы Санкт-Петербург Заңнамалық Жиналыс депутаты болып сайланды (12 сайлау округі). «Заңдылық» фракция үйлестірушісі болды. 2000 жылғы маусымда екінші шақырудағы Санкт-Петербург Заңнамалық жиналыс төрағасы орынбасары болып сайланды. 2000 жылғы қыркүйекте "Воля Петербурга" Санкт-Петербург өңірлік саяси қоғамдық қозғалыстың политкеңесінің төрағасы болып сайланды. 2001 жылғы 13 маусымда Ресей Федерациясының Федерациялық Жиналыс Федерация Кеңесінің мүшесі болып сайланды - Санкт-Петербург Заңнамалық Жиналыстан Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесіне төраға болып сайланды. 2001 жылғы маусым айынан бастап - Конституциялық заңнама және сот-құқықтық мәселелер бойынша Федерация Кеңесі комитетінің мүшесі, Регламент және парламенттік процедуралар бойынша Федерация Кеңесінің Комиссия мүшесі, 2001 жылғы қазан айынан бастап - Конституциялық заңнама және сот-құқықтық мәселелер бойынша Федерация Кеңесі комитетінің төраға орынбасары. 2001 жылғы 5 желтоқсанда Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы болып сайланды. 2003 жылғы 15 қаңтарда Санкт-Петербург қаласының Заңнамалық жиналысының Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Федерациясы Кеңесіне өкілі болып сайланды 2003 жылғы 29 қаңтарда Федерация Кеңесінің 102-отырысында Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрағасы болып екінші мерзімге сайланды. Өзі құрған Жизнь Ресей партиясының төрағасы болып табылады. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|