ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Коичиро Мацууры Версия для печати e-mail - ға жіберу

ImageБіріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселесі бойынша (ЮНЕСКО)  Коичиро Мацуура мырзаның бас директоры

Коичиро Мацуура 29 қыркүйек 1937 жылы Токиода, Жапонияда дүниеге келді.

Білімі:

1956-1959 - құқық факультеті, Токия Университеті.

1959-1961-экономика факультеті, Гавэрфорд Колледж, АҚШ.

Қызмет орнын Жапонияда 1961 жылы Сыртқы істер министрлігінде бастады.

1961 жылдан 1988 жылдары Ганада, Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымында (Париж), АҚШ-та және Гонконгта, сондай-ақ СІМ Орталық аппаратында дипломатиялық қызметтер атқарды;

1988 жылдан бастап  - Жапонияның СІМ Экономикалық ынтымақтастық бюросының бас директоры;

1990 жылдан бастап- Жапонияның СІМ Солтүстік - Америка департаментінің Бас директоры;

1992-1994 жылдары - Жапонияның Сыртқы істер министрінің орынбасары;

1994 жылдан бастап - Францияда Жапония елшісі және бірлесе - Андорра мен Джибутиде елші;

1998-1999 жылдары - ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің төрағасы;

1999 жылы ЮНЕСКО бас директорының орнына сайланды (6 жылдық мерзімге);

2005 жылы ЮНЕСКО бас директорының орнына 4 жылдық мерзімге қайта сайланды.

Коичиро Мацуура - жапония дипломатиясы бойынша, Жапония мен Францияның арасындағы қарым-қатынасты дамыту саласында, «Үлкен Жетілік» кездесу тарихы мен келешегі бойынша, экономикалық ынтымақтастық дипломатиясы, Жапония мен Құрама Штаттар қарым-қатынасы тарихы бойынша алты кітап авторы.

Жапон, ағылшын, француз және испан тілдерін біледі.

Отбасын құрған, 2 ұлы бар.

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу