Құрметті қонақтар
Есімнама
Махатхир Мохамад | Махатхир Мохамад |
|
|
|
Махатхир Мохамад 1925 жылы 20 желтоқсанда Алор-Сетар (штат Кедах, Малайзия) қаласында мектеп мұғалімі отбасында дүниеге келді. Оның айтуы бойынша әкесі жағынан туыстары Керала Үндістан штатынан, ал шешесі Кедах штатында туған этникалық малайка болды. Махатхир Мохамадтің өзі өз халқының құқығы үшін күреске шығушы ретінде таза малайзия азаматымын дейді. 1946 жылы 19 жасында ол жаңадан құрылған - Бірлескен малай ұлттық ұйымына (ОМНО) кіреді. Партия қатарында ол әйелдер және малайзия монархиясы проблемаларына арналған бірқатар мақалалар жариялап әйгілі болды. Осыдан бастап оның саяси өмірі ОМНО - елдің жетекші қоғамдық - саяси күшімен үзілмейтін байланыста болып келеді. 1953 жылы Сингапур Университетінің медицина факультетін бітіреді. Ол осы жерде өзінің болашақ әйелі - Сити Хасме Мохамед Алимен танысады, қазір олар жеті бала (олардың екеуі- асыранды) өсіріп тәрбиеледі. М.Мохамад өз қызметін Малайи Университетінде оқытушы болып бастады. Әрі қарай жеті жыл бойына малайзияда оны «доктор М» деп атайды, Кедах туған штатында медициналық практика жүргізді. 1964 жылы Махатхир ОМНО-дан Парламентке депутат болып сайланды. Осы уақыттан бастап елдің саяси өміріне белсенді араласты, елдің нақты халқы - малайлықтар мен оранг-асли (жалпы атауы - «бумипутра») құқықтарын қорғауда өзін көрсете білді. 1969 жылы Малайзия жергілікті халқының қажеттіктеріне жеткіліксіз көңіл бөлініп отырған наразылықпен Премьер-министр Тенгку Абдул Рахман Путра атына хат жазды, осының салдарынан ОМНО-дан шықты және өзінің депутат мандатынан айрылды. Саяси оқшаулауда қалып Махатхир Мохамад «Малайлық дилемма» кітабын жазды, онда елдің дамуына, малайлықтар ұлтшылдығына және антиколониализмге қатысты өзінің бағалаулары мен көзқарастарын білдірді. Кітап малайзия қоғамына әсері мол болды, тіпті біраз уақытқа дейін бұл кітапқа тиым салынды. Сонымен бірге оның көзқарасы «доктор М» партияға қайта кіруге шақырған ОМНО лидерлерінің жас өркенімен оң қабылданды. 1974 жылы Махатхир Парламент мүшесі болады және білім министрі лауазымына тағайындалады. Одан кейінгі төрт жыл ішінде Махатхир Мохамад партияда беделі өсіп ОМНО төрағасының орынбасары болады. Күшті партия лидері ретінде беделге ие болып 1981 жылы Махатхир Малайзияның төртінші Премьер-министрі болады. Үкімет басы орнында Махатхир Мохамад Малайзияны экономикасының дамуы жоғары және тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты қазіргі заманғы мемлекетке айналдыру, сондай-ақ «азиаттық» және «малайзиялық» құндылықтарға негізделетін қоғамды құру бойынша өз ойын практикалық іске асыруға кірісті. Ол жүргізген Жаңа экономикалық саясат (1971-1990) және Ұлттық даму саясаты (1991-2000) шегінде «оңшыл этникалық кемсітпеушілік» бағдары ел экономикасында түпкілікті халық рөлін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік берді. Оның басшылығымен Малайзияны қазіргі заманғы жоғары технологиялық мемлекетке - ислам әлемінде бірінші дамыған елге айналдыруға бағытталған «Болжам- 2020» стратегиясы қабылданды. «Доктор М» өзін Халықаралық саясат пен экономикада Батыс елдері мен Халықаралық Валюта Қорының қосарлас стандарттарына қажымас және жүйелі сыншыл ретінде, дамушы елдер, азия және ислам мемлекеттерінің құқығы үшін күресуші ретінде көрсете білді. Махатхир Мохамадтің Малайзия Үкіметі басында қызметі тұтасымен жоғары бағаға жетті. Өзінің естеліктер кітабы (Сингапур оқиғасында» осы аралдық мемлекеттің негізін қалаушы Ли Куан Ю, бірнеше рет Махатхир Мохамадпен қатты сөзге келіссе де, оның саяси лидер сапасына жоғары баға береді: Ол ел мүддесі талап еткен кезде халық алғышарттарын бұзып өтуге мүмкіндік беретін орасан тәуекел мен саяси қолдауға ие болды. Махатхир малайзиялықтарды күңгірт көлеңкеден ғылым мен техникаға сүйреп алып шықты... жас малайзиялықтарға білім берді, оларға ғылым мен технологияға негізделген болашаққа жол ашты». 2003 жылы қазан айында Махатхир Мохамад елдің Премьер-министрі орны мен ОМНО төрағасы орнын тастап, орнына Абдулла Ахмад Бадауиді қалдырды. Осыған байланысты соңғы уақытта М.Мохамад өзінің қателескендігін, А.Бадауидің Махатхир кезінде қабылдаған түйінді бағдарламалар мен жобалардан бас тартуын кіналайды. Қазіргі уақытта Махатхир белсенді өмір салтын ұстанады, қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша түрлі жергілікті және халықаралық форумдарға жиі қатысып отырады, бұрынғы және билік басындағы әлемдік мәнге ие саясаткерлермен кездесіп отырады. Қазіргі заманғы Малайзияның қалыптасуы мен дамуына қосқан ерен үлесі үшін Махатхир Мохамад 2003 жылы жоғарғы құрмет лауазымына - «Тун» ие болды. Бұл лауазым шектеулі адамдар санына ғана беріледі, олардың саны 25-тен аспауы керек. Махатхир сондай-ақ «Қазіргі заманғы малайзия әкесі» медалімен, «Малайзияның еңбегі сіңген хирургі» белгісімен, Экономика мен технологияны дамытуға қосқан үлесі үшін Алтын медальмен, Достық орденімен (Ресей Федерациясы) марапатталды. Қырғызстанның Ұлттық мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Түркменстанның құрметті азаматы атағына ие. Бірнеше еңбектер авторы - мақалалар, кітаптар, баяндамалар. Олардың ішінде ең танымалы - «исламның қазіргі әлемдегі ролі», «Жаһандану және жаңа мүмкіндіктер», «Үндеу». М.Махатхир әйелі Сити Хасмах бинти Мохамед Али, ол да «Тун» атағына ие және доктор болып табылады. Олардың жеті баласы бар: Марина, Мирзан, Мелинда, Мокзани, Мукриз, Майзура және Мазхар. Махатхир түрлі жан жақты адам. Атқа мініп жүруді, автомобиль және мотоцикл жарыстарын жақсы көреді. Ол Малайзияда «Формула-1» жарысын өткізудің басында тұр. Көп оқиды және кітаптар жазады, ағаш оюмен айналысады. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|