ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Оқиғалар arrow Қ.Тоқаев Митрополит Александрды қабылдады
Қ.Тоқаев Митрополит Александрды қабылдады Версия для печати e-mail - ға жіберу
Image
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуі Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан Митрополиті Александрды қабылдады.
Сенат Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің негізгі мәселелеріне жүздесушінің назарын аударды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл құжаттың ерекше мәні бар, өйткені, саясаткерлер мен әлем жұртшылығын күллі адамзатқа жаһандық тұрғыда ажал әкелетін қақтығыстар қаупінен арылту үшін кезек күттірмес және тиімді шаралар қабылдауға шақырады.
Қ.Тоқаев 31 мамырдағы «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференция, сондай-ақ 1 маусымдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XV отырысы туралы да хабардар етті.
 
Митрополит Сенат Төрағасына Орыс православ шіркеуінің діни-ағарту шаралары туралы әңгімеледі.

 
< Алд.   Кел. >