ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Басты бет arrow Құрметті қонақтар arrow Есімнама arrow Шантилал Карамши Сомайя
Шантилал Карамши Сомайя Версия для печати e-mail - ға жіберу

Image«K.J.Somaiya Trust» Үкіметтік емес ұйымның Вице-Президенті

Туылған күні:  29 желтоқсан 1927 ж.

Туған жері:  Куч қаласы (Үндістан)

Білімі:  Бомбей университетінің заңгер - құқық қорғаушы мамандығы бойынша магистр және заң ғылымдары докторы деңгейіне ие

Еңбек қызметі:

Ш.К.Сомайя гуманитарлық ғылымдарды тереңдетіп зерттеумен орташа және жоғары арнайы білім беру саласында айналысатын «K.J.Somaiya Trust» үкіметтік емес ұйым басшысы болып табылады. Діни ортада өзінің қайырымдылық қызметімен белгілі.

Ол қант, техникалық спирт, органикалық тыңайтқыштар өндірумен, теңіз тұзын өңдеумен, баспа басылымдарын, аюрведалық жүйе бойынша медициналық препараттарды өндірумен айналысатын «Сомайя» компаниясы тобын басқарады.

32 кең ауқымды білім беру институттарын біріктіретін «Сомайя Видъявихар» компаниясының бастығы, елдің жоғары оқу мекемелері қатарының құрметті мүшесі.

Педиатрия және неврология саласында зерттеулермен айналысатын Үндістан медициналық қоғам басқармасының мүшесі.

Ш.Сомайя Үндістан сауда - өнеркәсіптік палаталар федерациясында, Үндістан ұлттық комитеті - Халықаралық Сауда палатасы, Бүкілүндістандық өндірушілер ұйымының, Бүкіл үндістандық өнеркәсіпті дамыту бойынша қауымдастықта мүшелікте тұр.

БҰҰ жанында қоршаған ортаны Дүниежүзілік тұрақты дамыту ұйымының мүшесі.

Үндістанда индуизм мен кришнаизм өкілдері арасында келіссөздерде делдал болып табылады.

Шри Кутчи Лохана қорының, Мумбай қаласында қамқоршысы.

1979-1981 жылдары Үндістан компанияларын делегация басшысы ретінде «Халықаралық еңбек ұйымында» білдіреді.

1983 жылдан 2003 жылдары арасында шетелде түрлі халықаралық бизнес - семинарларға қатысты және басқарды.

1999 жылғы қазан айында Ватиканда болып өткен дінаралық ассамблеяға қатысты.

Нью-Йорк қаласында 2000 жылы тамыз - қыркүйекте өткен БҰҰ бастамасымен діни және рухани лидерлерінің мыңжылдықтық Дүниежүзілік саммитіне қатысты.

2000 жылғы маусым айында Сеулде Халықаралық сауда - өнеркәсіптік палаталарының екінші Конгресінде қатысты.

2003 жылғы сәуір айында Ш.Сомайя басқаратын ұйым Мумбай қаласында Индуизм мен католик шіркеуінің өкілдерінің кездесуін өткізді.

2003 жылғы қыркүйекте Ш. Сомайя индуизм делегациясын бастап Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысты.

Мынадай сыйлықтар мен құрмет белгілеріне ие:

1. 2001 жылғы діни төзімділікті дамыту ісінде сіңірген еңбегі үшін «Кальян Митрам» сыйлығы;

2. 2001 жылы рим папасы Иоанн Павел II-ден «Благословение Апостола»;

3. 2001 жылы «Дінаралық келіссөзде сіңірілген еңбекті тану» Понтифик Институты мен италия дінаралық келіссөз орталығының сыйлығымен марапатталды;

4. 2002 жылы білім беру арқылы бірлікке тәрбиелеуді қолдауға қосқан үлесі үшін Италияның  «Бірлік үшін Луминостар сыйлығымен» марапатталды. 

Көне Үндістан тарихы, мәдениеті мен өнерін сүйеді.

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу