ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Д-р Хоми Б. Дхалла Версия для печати e-mail - ға жіберу

Заратуштраның мәдени мұрасының Дүниежүзілік кеңесінің Президенті

Туылған күні:   20 қараша 1940 ж.,

Туылған орны:   Мумбай қаласы (Үндістан)

Білімі: Гарвард университетінің шығыс тілдері мен әдебиеті магистрінің деңгейіне және Бомбей Университетінің философия докторы деңгейіне ие.

Еңбек қызметі:

1978 - 1980   Азия университетінің доценті, Иранда Шираз университетінің лекторы. Көптеген жылдар бойына Бойбейде Зороастризм туралы оқытушы болып, зерттеулер жүргізді;

1980-1993   саяхат жасап, лекциялар оқыды

1993 - 1994 Токия униерситетінде Азия мен Африканың тілдері мен мәдениетін зерттеу институтында лектор болды

1995 - 1997  "Біріктірілген діндер бастамасы" дінаралық ұйым қызметкері.

1998-2003    Бомбейде Заратуштра Әлемдік мәдени қорының  негізін қалаушы және президенті

Бірінші рет парсы ілімі тарихында ол күн шоғырландырғыштары көмегімен мәйіттерді жерлеу дәстүрін енгізді. Шетелде 238-ден астам халықаралық конференцияларға қатысты, Оксфордта халықаралық дінаралық орталық жанында халықаралық кеңесші болып табылады, бүкіл әлемде дінаралық және халықаралық бейбітшілік федерациясының төрағалар кеңесінің мүшесі болып табылады (Нью-Йорк), сондай-ақ Әлем діндерінің әлемдік конференциясының халықаралық кеңесінің (Нью-Йорк) және дін бостандығы халықаралық қауымдастығының халықаралық кеңесінің мүшесі (Оксфорд) болып табылады.

2004 жылы шілде айында Х.Дхалла Барселонада Дүниежүзілік діндер Парламентінің консультативтік кеңесінің мүшесі болып сайланды. Осы отырыс барысында ол әлемнің барлық діндер балалары оқи алатын Үндістанда мектептердің бірінде білім беру экологиялық бағдарламасын құру туралы ұсыныс айтты.

Үндістанда зороастризм тарихы бойынша бірқатар кітаптар авторы болып табылады.

Отбасылық жағдайы: әйелі, қызы және ұлы бар.

Хобби: кітаптар және өзге елдерге саяхат.

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу