Құрметті қонақтар
Есімнама
Абдалла бин Әбділ Мухсин Әт-Түрки | Абдалла бин Әбділ Мухсин Әт-Түрки |
|
|
Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы Абдалла Бин Әбділ Мухсин Ат-Түрки 1940 жылы 4 тамызда Эр-Рияд провинциясында туылды. 1963 жылы Эр-Рияд қаласында Шариғат колледжін аяқтап ислам заңнамасы бойынша бакалавр дипломын алды. 1969 жылы Эр - Риядта Құқық қорғаудың жоғарғы институтын тәмамдап магистр дәрежесін алады, ал 1972 жылы Аль-Азхар Университетінде (Каир) ислам құқық қорғау негіздері бойынша кандидаттық диссертация қорғайды. 1961 жылдан 1969 жылдары арасында - Жоғары ғылыми институттың оқытушысы, сондай-ақ осы институттың бір факультетінің деканы, Эр-Рияд қаласында шариғат колледжінің ғылыми кеңесінің мүшесі болып сайланады. 1969 жылдан бастап 1975 жылға дейін Эр - Рияд қаласында Араб тілі колледжінің Деканы қызметін атқарады. 1975 жылы Имам Мұхаммад Бен Сауд атындағы Ислам Университетінің Проректоры, содан кейін Ректоры болып жұмыс істейді. 1995 жылы Ислам істері, Вакуфтар, шақыру және насихаттау министрі лауазымына тағайындалады, Құранды басып шығару бойынша Фахд Королінің кешені кураторы болады. 1999-2000 жылдарда Портфельсіз министр санатында кеңсе кеңесшісі болады. 2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы болып табылады. А.Ат-Турки ислам ілімдері, шариғат, араб тіліне қатысты көптеген басылымдары мен ғылыми монографиялары бар. А. Ат-Түрки басылымымен пайғамбар хадистерінің энциклопедиясы, университеттер үшін бірқатар оқулықтар мен оқу құралдары шығарылды. А.Ат-Турки, Дүниежүзілік ислам лигасы мен оның құрылымдық бөлімшелерінен басқа бірқатар өңірлік және халықаралық үкіметтік емес ислам ұйымдарын басқарады және мына мекемелердің төрағасы болып табылады: - Ислам университеттерінің лигасы; - Чадта Фейсал Королі атындағы университеттің Бас хатшылар Кеңесі; - Лондонда Дүниежүзілік ислам кеңесі; - Ислам университеттерінің қауымдастығы; - Эдинбургта Ислам орталығының Бас хатшылар кеңесі; - Исламабадта Дүниежүзілік ислам университетінің жоспарлау, әдістеме комитеті; - Ислам университеттерін қолдау қоры, Каирда Ислам істері бойынша Жоғарғы кеңес; - Дүниежүзілік ислам үндеу және құтқару кеңесі. А. Ат-Түрки ислам әлемінде үлкен беделге ие. Ол Ислам заңдарын түсіндіруде нақты көзқарастарды ұстанады. Бұл тұрғыдан Дүниежүзілік ислам лигасы саяси ұйым болып табылмайтындығы жақсы. Бұл ислам халқы мен ислам азшылығын біріктіретін үкіметтік емес ұйым. Ол сондай-ақ «біздің қағидат - тепе-теңдік пен ақылға салып таразыланған шешімдер қағидаты. Біз террорды қолдамаймыз - жеке, адам топтары және мемлекет ретінде жақтамаймыз. Ислам адамдарды өлтіруді, оларды қорқытуды, зұлымдықты күнәсіз деп көрсетуді жақтамайды және рұқсат етпейді. Біз даулы мәселелерді келіссөздер барысында бейбіт түрде шешуге шақырамыз. А.Ат-Турки жақсы әңгімелесуші, тыңдаушыларды ұйытып алады, жақсы ұйымдастыру қабілетіне ие, Сауд Арабиясында ислам беделділерінің және тұтас мұсылмандар әлемінде құрметке ие. Оның басшылық етуімен ВИЛ БҰҰ, ОИК, ИБР және т.б. сияқты түрлі халықаралық ұйымдармен жақсы қарым-қатынасқа ие. Ол Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты туралы оң пікірге ие. Республикамен рухани салада тығыз байланыстың дамуын қолдайды. А. Ат-Түрки Алматы қаласында 2002 жылы тамыз айында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Ислам Орталық Азияда: тарих және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында А. Ат-Түрки әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші съезінің жұмысына белсенді қатысты. ВИЛ Бас хатшысы Съездің қорытынды құжатына пайдалы ұсыныстар енгізді. Көрсетілген форум шегінде ВИЛ Бас хатшысы А. Ат-Түркиді ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің қабылдауында болды. 2003 жылғы 26 қыркүйекте Алматы қаласында ВИЛ Бас хатшысы Абай атындағы Алматы ұлттық мемлекеттік университеті жанында Фахда бен Абдель Әзіз Королінің қос қасиетті сақтау мәдени орталығын салу кезінде тас қалау салтанатына қатысты. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|