ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Уильям Вендли Версия для печати e-mail - ға жіберу

Дүниежүзілік  Бейбітшілік үшін Діндер Конференциясының Бас хатшысы

Уильям Вендли, философия докторы, Дүниежізілік Бейбітшілік үшін Діндер Конференциясының (Діндер бейбітшілік үшін) Бас хатшысы ретінде 1994 жылдан бері қызмет етті.

Діни айырмашылықтарға құрметке негізделген «Діндер бейбітшілік үшін» алаңдатушылық тудырып отырған проблемалар (шешу) бойынша әлемдік діни қоғамдастықтар арасында ынтымақтастықты алға жылжытуға арналған әлемдегі ең үлкен мульти діни ұйым болып табылады.

«Діндер бейбітшілік үшін» әйгілі халықаралық діни лидерлерден тұратын Басқарма Кеңесінің мүшесі болып табылады.  Сондай-ақ Солтүстік Америкада, Еуропада, Балканда, Батыс және Шығыс Африкада және Азияда халықаралық хатшылықты бақылап ұйымның басты атқарушы басшысы қызметін атқарады. Бүкіл әлем бойынша 50 мемлекетте «Діндер бейбітшілік үшін» Дінаралық Кеңестердің халықаралық қызметі мен жобаларын үйлестіреді.

Вендли доктордың бастамасымен «Діндер Бейбітшілік үшін» және оның жергілікті филиалдары Балканда, Батыс Африкада және Таулы Африкада шиеленіскен қақтығыстарда делдал болды, Африкада ата-аналары ВИЧ және СПИД-тен қайтыс болған 12 миллионнан астам жетімдерге көмек көрсету үшін ынтымақтастық бойынша жұмысқа діни қоғамдарды қатыстырды.

Вендли доктордың бастауымен «Діндер бейбітшілік үшін» қызметінде Діни әйелдер ұйымдарының жаһандық желісінің құрылғанын атап өту керек. Желі әйелдер ұйымдары арасында мультидіни ынтымақтастыққа көмектеседі және олардың бастамаларын «Діндер Бейбітшілік үшін» іс-әрекетінің бағдарламасына бағыттайды.

Вендли доктор теолог болып табылады және теология бойынша мектеп-магистратуралардың профессоры және деканы болып жұмыс істеді. Ол академиялық ортада, БҰҰ және НПО лекциялар оқиды. Ол дінге және адам құқығын қорғауға қосқан үлестері үшін бірнеше сыйлықтармен марапатталды, нәзік өнерден бітімгершілікке дейінгі ұйымдар қатарында кеңес мүшесі болып табылады. Ол Фордхэм университетінен жүйелі теология бойынша философия докторының дәрежесіне және Мэрикнол Теологиялық мектептен діни зерттеулер бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие.

Дүниежүзілік бейбітшілік үшін діндер конференциясы

 Дүниежүзілік бейбітшілік үшін діндер конференциясы (Діндер бейбітшілік үшін) өздерін бейбітшілікке қол жеткізу қызметіне арнаған әлемдік дін өкілдерінің ең ірі халықаралық қауымдастығы болып табылады. 1970 жылы Киото қаласында құрылған.

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу