Құрметті қонақтар
Есімнама
Пра Дармакосаджарн | Пра Дармакосаджарн |
|
|
|
Ол 1955 жылы 17 қыркүйекте Суфан Бури провинциясының ауылында дүниеге келді және 12 жастан бастап монах өмірін бастады. 1976 жылы тыңдаушы болып жүріп Тайландта Пали дәстүрлі ғылымының жоғары дәрежесін, Пали IX дәрежесін алды. Осы жылы аса мәртебелі Тайланд королі оның Зүбәржат Будда храмында Гранд Палас Корольдік Шіркеудің рухани санын алуға көмектесті. Екі жылдан кейін ол MCU университетінің үздік философия бакалаврының дәрежесін алды. Содан кейін ол Дели (Үндістан) университетіне түсіп, одан француз тілі бойынша диплом, өнер магистрі дәрежесін, философия магистрінің дәрежесін және доктор дәрежесін алды. Оның докторлық диссертациясы ағылшын тілінде жазылды және «Сартта және ерте буддизмде экзистенциализмде жанкештілік» атымен жарияланып, өте танымал болып бірнеше рет қайта басылып шықты. Доктор дәрежесін алғаннан кейін MCU лекция оқыды. 1986 жылы Тайландтық Жоғарғы кеңес Санга оған Чикагода, АҚШ-та Дамадута (монах-миссионер) ретінде Тайландтық Будда храмында лауазым берді. Ол MCU қайтып келіп академиялық бөлім директоры болып жұмыс істеді, кейіннен аспирантура деканы, кейіннен зерттеулер және жоспарлау мәселесі бойынша ректор орынбасары және оқу мәселелері бойынша ректор орынбасары болды. Аса құрметті, Тайландтың Жоғарғы Патриархы оны 1997 жылы MCU ректоры және кейіннен бір жылдан соң оны рухани басшы етіп тағайындады. Ол буддизм мен философия бойынша 60 кітаптан астам кітап авторы болып табылады. Ағылшын тілінде шыққан оның еңбектері «Буддистік бейбітшілікке келу, буддистік салт, буддистік әлемтану және Весак күнін халықаралық тану бойынша еңбектер. Ол Дхама туралы айту үшін Тайланд радиосы мен теледидарына шақырылды. Ол Барлық Тайланд және шетелдерде лекциялар оқыды Дхама туралы АҚШ-та және шетелде жылына бір реттен соңғы он бес жыл бойына лекция оқып келеді. Тек 1994 жылы Бангкок қаласында өткен Дүниежүзілік Буддистер достастығы Бас конференциясының Симпозиумына және Каирда (Египетте) халық және даму мәселелері бойынша БҰҰ Конференциясында өткен діни лидерлер семинарында баяндамалар жасады. 2000 жылы тамыз айында «Қақтығыстарды реттеуші Буддистік көзқарас» лекциясын БҰҰ діни және рухани лидерлер мыңжылдықтың Халықаралық әлем Саммитінде, Нью-Йорк, АҚШ оқыды. Үш айдан кейін ол әйгілі «Буддизмді жер шарында бейбітшілік үшін уағыздау» лекциясын в Буддагамонтонда Буддизмнің Екінші Дүниежүзілік Конференциясында (буддистер саммиті), Нахон Патом, Таиланд оқыды. Ол MCU және Жапонияның Ненбутсушу буддистік сектасы бірлесіп өткізетін буддистер саммитінің ұйымдастыру комитетінің бас директоры болып табылады. Конференция буддизмді тарату идеялары мен әдістерімен алмасу, әлем бойынша буддизм лидерлері арасында достықты нығайту және Аса Мәртебелі Тайланд Королінің 72 жылдығын тойлау мақсатында жүргізілді. Бұдан басқа 2004 жылы ақпанда MCU жүргізген Дүниежүзілік Діни лидерлер кеңесі жиналысының Ұйымдастыру комитетінің Президенті болып табылады. Ол сондай-ақ «Бір тұтас ретінде жұмыс істеу: буддистер бірлігі және ынтымақтастығы» тақырыбында 2004 жылы 16-20 маусымда Бангкокта БҰҰ Конференц-орталығы мен Буддамонтонде өткен Тхеравада және Махаяна буддизм бойынша халықаралық конференцияның Ұйымдастыру комитетінің президенті болып табылады. Бір жылдан кейін 2005 жылғы 18-22 мамырда Бангкокта БҰҰ Конференц-орталығында және Буддамонтонда өткен БҰҰ Весак күні халықаралық буддистер конференциясының ұйымдастыру комитеті төрағасының міндеттерін атқарды. Жақында 2006 жылы 7-11 мамырда БҰҰ Конференц-орталығында және Буддамонтонда өткен БҰҰ Весак күні үшінші халықаралық буддистер конференциясының Бірлескен Халықаралық Ұйымдастыру комитетінің (МОК) төрағасы болды. 2003 жылғы 16 желтоқсанда Аса Құрметті Тайланд Королі оны MCU университетінің Философия профессоры ретінде тағайындады. Осы уақытқа дейін Фра Маха Прайун Мерерк, Фра Метитаммафон, Фра Раджаварамуни және Фра Тепсофон болып келген оған, 2005 жылғы 5 желтоқсанда оның Сангаға қосқан үлесі мен қоғамды жалпы дамуға қосқан үлесі үшін Аса Мәртебелі Тайланд Королі Фра Дармакосаярн атағын берді. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|