ӘЛЕМДIK ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛI ДIНДЕР
ЛИДЕРЛЕРIНIҢ СЪЕЗI
Джозеф Грибоски Версия для печати e-mail - ға жіберу

Дін және қоғамдық саясат институтының Президенті

Джозеф Грибоски Дін және қоғамдық саясат институтының президенті және негізін қалаушы болып табылады.

Институтты құрғанға дейін қоғамдық және жеке секторда жұмыс істеді. Парламент аралық Адам құқығы және діни еркіндік бойынша конференцияның негізін қалаушы және бас хатшысы, Халықаралық діни еркіндік бойынша консорциум негізін қалаушы және президенті, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің сарапшылар кеңесінің мүшесі, Азия заң және даму комиссиясының директорлар кеңесінің вице-төрағасы, Діни еркіндік конгресінің жұмысшы тобының халықаралық іс бойынша хатшысы, Ұлттық шіркеулер кеңесінің діни еркіндігі бойынша комитет мүшесі, Халықаралық Адам құқығы мен төзімділік бойынша қор кеңесінің мүшесі, сондай-ақ бірқатар ұйымдар мүшесі болып табылады.

Діни бағытта жұмыс істеуден басқа саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында консалтингпен айналысатын Grieboski International LLP консалтингілік фирманың президенті болып табылады.

Д. Грибоски халықаралық қатынастар бойынша бакалавр деңгейіне және Джорджтаун университетінің ұлттық қауіпсіздік бойынша шебері деңгейіне ие.

Дін және қоғамдық саясат институты

Дін және қоғамдық саясат институты Америка діни қауымдастықтар саясатына қоғам қатысуымен айналысатын коммерциялық емес дінаралық ұйым болып табылады. Вашингтон қаласында орналасқан. Институт ішкі және сыртқы салада дін және жария саясатқа қатысты мәселелерге зерттеулер жүргізеді. Лекцияларға, конференцияларға, кітаптар және осы тақырыптар бойынша өзге материалдар жариялануына демеушілік көрсетеді. Институт үкіметтік шенеуніктермен, діни лидерлермен, бизнесмендермен, НПО тығыз ынтымақтастық етеді. 1999 жылы Джозеф Грибоски құрған. 

 
< Алд.   Кел. >
 

Iздеу