Құрметті қонақтар
II Cъезд баяндамалары
Махмуд Ахмад Ғазидің сөзі | Махмуд Ахмад Ғазидің сөзі |
|
|
|
Бисмиллахи рахмани ир-рахим. Рақымды және мейірімді Алла үшін! Барлық адамзат үшін маңызды мәселелер бойынша пікір алмасуға бізге мүмкіндік беріп отырған Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев мырзаға және оның Үкіметіне, халқына өз әріптестерімнің - Пакистан делегациясының атынан терең алғыс айтқым келеді. Діндер арасындағы диалог өткізуге күш салған Қазақстанға алғыс айтамын. Төраға мырза! Бұл қозғалыс - бүрыннан басталған көне қозғалыс. Бірақ осы игілікті жаңа бастамамен Сіз қозғалысты жаңа сатыға көтердіңіз. Ол жасампаздық пен дамудың тарихына енді. Мен осында келген ірі өркениет өкілдерінің дінаралық диалогы өркениет пен мәдениеттер диалогына айналады деп санаймын. Дін ірі өркениеттерді жасауда үлкен рөл атқарды деп ойлаймын. Шын мағынасында өркениеттердің негізін діндер қалады. Олар - рим, үнді, қытай, ислам өркениеттері. Бұл өркениеттер - пайғамбарлар, діни қайраткерлер мен діндердің негізін салушылар таратқан діни сенім мен мәдениеттің нәтижесі. Осы себепті дінаралық диалог өркениеттер мен мәдениеттер диалогы болуға тиіс. Ислам адамгершілік пен заңдарға толы жүйені ұсынады. Мұсылмандарды тек діни басшылар арасындағы диалогпен шектеуге болмайды. Ауқымын кеңейтіп, мәдениет қайраткерлерін де қамту керек. Ислам бұ дүниедегі өмір мен өлгеннен кейінгі о дүниедегі өмір байланыста болуын уағыздайды. Мұсылман осы екі дүниеде жарқын болуы үшін Аллаға жалбарынады. Диалог бұ дүние мен о дүниенің қажеттіліктерін еске алуы қажет. Діндер арасыңдағы диалог табысты болуы үшін діндер бір-бірін құрметтей білуі ләзім. Бір өркениетті, бір мәдениетті басқаға күшпен таңуға болмайды. Білім беру, ақпарат құралдары, әлемдік экономика - бұлар шын мағынадағы өркениет. Қазіргі оқу жоспарлары, дүниежүзілік ақпарат құралдары, өмір сүріп отырған экономикалық қағидалар батыс өркениетінен келген. Түптеп келгенде, бүлардың бәрі басқа өркениеттердің есебінен бір өркениетке қызмет етеді. Егер біз әртүрлі діңдер мен мәдениеттер арасында қатар өмір сүруге талпынатын болсақ, бұлай болмауы керек. Бір өркениет екіншіні тұншықгырғысы келсе, екеуі де құрып бітеді. Мәдениет пен өркениеттің жаһандануы - басқа өркениеттерді құртумен тең десе болады. Біздің бәріміз - Ибраһимнің (Авраамның) балаларымыз, оны Алла жарылқасын. Бәріміз де соның дініндеміз. Құранда ол иудаист та, христиан да емес, мұсылман болған деген мәлімет бар. Осыдан 14 ғасырдай бұрын Құран бейбіт қатар өмір сүруге шақырды. Киелі Кітапта: "Келіңдер, бәріміз ортақ бір Құдайға құлшылық етейік" делінген. Бізді осы іс-шараны өткізуге Жоғары мәртебелі Президент Нұрсұлтан Назарбаев үндеп отыр. Бейбітшілік пен әртүрлі діндердің өзара бірігіп қимыл жасауы үшін бүкіл әлем осы үндеуді қолдауы кажет. Бүл - игілікті бастама. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаевты Бейбітшілік сыйлығына ұсынамыз. |
| < Алд. | Кел. > |
|---|