| Шейх Мухаммад Саид-Тантауи |
|
Мухаммад Саид Тантауи 28 қазанда 1928 жылы Сухаг (Египет) провинциясының Сулейм Аль-Шаркия ауылында туған. Туған ауылында орташа білім алып 1944 жылы Александрия діни институтына түседі. Оны аяқтағаннан кейін «Аль-Азхар» университетінің «Дін негіздері» факультетіне түседі де, оны 1958 жылы аяқтап шығады. 1966 жылы «Қасиетті Құран мен Мұхаммед Пайғамбар хадистерін түсіндіру» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғайды. 1968 жылы «Аль-Азхар» университетінде «Дін негіздері» факультетінде оқытушы болып жұмыс жолын бастайды. 1972 жылдан 1976 жылдар кезеңінде Ливияда Ислам университетінде оқытушы болып жұмыс істейді. 1976 жылы Асьют қаласында «Аль-Азхар» университетінің филиалында «Дін негіздері» факультетінің деканы болып жұмыс істейді. 1980 жылдан 1984 жылдары арасында Мадина қаласында (Сауд Арабиясы) Ислам университеті аспирантурасында Құранды түсіндіру кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1985 жылы «Аль-Азхар» университетінің ислам және араб ғылымдары факультетін басқарды. 28 қазанда 1986 жылы Египет араб Республикасының Мүфтийі орнына тағайындалды және осы лауазымда 10 жыл жұмыс істеді. 27 наурызда 1996 жылы Аль-Азхара Жоғары Имамы және Шейхы (хаттамалық мәртебе бойынша Аль-Азхар Шейхі АРЕ Премьер-Министріне теңдестіріледі) болды. Ұйым қызметінің жалпы бағытын анықтайтын Аль-Азхар Жоғарғы кеңесін басқарады. М.Тантауи Шейхы кезінде Аль-Азхар әлемде мұсылман құқығының басты және беделді көзі және ислам ойының жалпы танылған әлемдік орталығы мәртебесін нығайта түсті. Шейх дамып келе жатқан мұсылман елдеріне, оның ішінде ТМД орталық - азия мемлекеттеріне ашықтығын көрсетеді және оларға мешіттер мен ислам орталықтарын салуға, кітапханаларды жабдықтауға, біліктілігі жоғары діни кадрларды даярлауға және т.б. үнемі көмек көрсетіп отырады. 1999 жылы ресми сапармен Өзбекстанға келіп кетті. Шейх М.Тантауи Египеттің жетекші теологы болып табылады және ислам діні бойынша 20 ғылыми басылымдар авторы болып табылады: оның ішінде кітаптары: «Қасиетті Құранды түсіндіру», «Исламдағы келіссөз», «Ислам фетвалары мен шариғат», «Қажылық және қасиетті ораза негіздері», «Исламдағы әйел» және т.б. |