| Мухаммед Хосни Мубарак |
|
Египет Араб Республикасының Президенті АРЕ Президенті Мухаммед Хосни Мубарак 1928 жылы 4 мамырда Египет орталығында орналасқан Мануфия провинциясында қызметкер отбасында дүниеге келді. Мектептен кейін ол Египеттің Қарулы күштер академиясына түсіп, онда Әскери ғылым бакалавры дәрежесін алды. 1950 жылы Х.Мубарак өз оқуын Әскери - ауа академиясында жалғастырып авиация бакалавры болады. 1952-1959 жылдары әскери училищенің авиация факультетінде оқытушы, сосын бастығы болады. Кейіннен ол түрлі, оның ішінде Египет ӘАК жетекші қызметтер атқарды: пилот, инструктор, эскадрилья және база командирі. 1964-65 жылдары Мәскеу қаласында Фрунзе атындағы Жоғары әскери академияда оқыды. Х.Мубарак ССРО әскери делегацияны басқарды. Осы жылы Каир әуежайының ӘАК Батыс базасының командирі болып тағайындалады. 1967-1972 жылдары Әскери - Әуе Академиясының директоры және Египет әскери - әуе күштері қызметкерлерінің жетекшісі болып тағайындалады. Өзінің әскери қызметі кезінде Х.Мубарак ұшақтардың он шақты түрін меңгерді, оған «Харриер Королі» атағы берілді. 1972 жылы ӘАК Бас басшысы және Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалады. Осы жылы Қорғаныс министрі болады. Бұл лауазымдар оған ол кезде сол заман талаптарына жауап бермейтін египет авиациясын қайта құруға және оны 1973 жылы 6 қазанда Израильмен басталған соғысқа дайындауға мүмкіндік берді. 1973 жылғы Арад-Израиль соғысы кезінде X.Мубарактың басшылық етуімен израиль әскери шектеріне ауадан атыс жүргізу операциясы жемісті түрде жүзеге асырылды. 1973 жылы қазан айында Х.Мубарак Президент Ануар Садат қолынан Египеттің ең жоғарғы әскери сыйлығы «Синай жұлдызы» орденін және Авиация маршалы атағын алды. 1975 жылы сәуір айында ол АРЕ Вице-Президенті, 1978 жылы Ұлттық Демократтық партияның Төрағасының орынбасары болып сайланды. 1981 жылы Исламистар қолынан Президент А. Садат қайтыс болғаннан кейін Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Х.Мубарак Египет Араб Республикасының Президенті және Ұлттық демократиялық партия төрағасы болады. Президент М.Х.Мубарак 1987, 1993, 1999 және 2005 жылдардағы сайлаулар барысында төрт рет жаңа президенттік мерзімге сайланды. Өзінің басқару кезінде Х. Мубарак Египетті елдің халық шаруашылығында құрылымдық реформалар жүргізу, қаржылық аспаптарды либерализациялау және жергілікті кәсіпорындарды дамыту жолымен терең экономикалық дағдарыстан алып шықты. Х.Мубарак Таяу шығысты реттеу барысында маңызды тұлға, сондай-ақ араб әлемінде танылған лидер болып табылады. Оның жоғарғы халықаралық беделін тану белгісі ретінде Президент Х. Мубарак 1989 - 1990 жж және 1993 - 1994 жж Африка Бірлестігі Ұйымының төрағасы ретінде екі рет сайланды. Сондай-ақ ол 1983 жылы «Әлем адамы», 1984 жылы «Жыл адамы», 1990 жылы «Адам құқығы үшін», 1997 жылы БҰҰ «Халық орналасуы үшін» сияқты түрлі мемлекеттік сыйлықтар және халықаралық сыйақылармен марапатталды. Египетте Х. Мубарак Ніл ордені, Республика ордені, 1 деңгейлі қызметі үшін орден, 1 деңгейлі Синай ордені, 1 дәрежелі Жұлдыз ордені, әскери ордендер - 1 дәрежелі Республика ордені, 1 дәрежелі Қайраттылығы үшін ордені сияқты көптеген азаматтық және әскери атақтар мен ордендермен марапатталды. Президент Х.Мубарак әйелі Сюзана Табет, екі ұлі бар - Алаа және Гамаль - мен немерелері. |