II Съезд

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ

ЕКІНШІ СЪЕЗІ ҚҰЖАТТАРЫ

ДІНАРАЛЫҚ ДИАЛОГ ПРИНЦИПТЕРІ

  1. Диалог адалдыққа, төзімділікке, кішіпейілдікке жөне   өзара   құрметтеушілікке негізделетін болады. Бұл түйсініп қабылдау мен танымды білдіреді, ізгілікті іс жасау оның нәтижесі болуға тиіс.
  1. Диалог барлық   әріптестердің   тең кұқықтылығын көздеуге және әрбір  мәдениеттің, тілдің жөне дәстүрдің тұтастығын ескере отырып пікірді, көзқарас пен сенімді еркін білдіру аясын жасауға тиіс.
  1. Диалог басқа нанымға үндеу тастауға не басқа діни нанымдағы әріптесті қорлауға, сондай-ақ бір діннің басқа діннен басымдығын әйгілеуге бағытталмауға тиіс. Диалог айырмашылықтарды жоюға емес, кайта оларды тануға жөне құрметтеуге бағытталғаны жөн. Диалог қатысушылардың өз нанымын адал әрі айқын баяндауына мүмкіндік беруге тиіс.
  1. Диалог басқа діндердің озық танымы мен түсінігін көтермелей отырып, жалған сенімнен жөне оларды қате түсіндіруден бойды аулақ салуға көмектеседі. Ол жанжалдарды және шиеленісті бәсеңдету құралы ретінде зорлық-зомбылықтың пайдалануын    болдырмауға    жөне    даулы жағдайларды шешуге көмектеседі.
  1. Диалог халықтардың бейбіт қатар өмір сүруі мен жемісті ынтымақтастығы жолын ұсынады. Диалог озық білімді көтермелейді, ол соңдай-ақ диалогтың маңыздылығын бұқаралық ақпарат құралдарының жақсырақ түсінуіне және діни экстремизм қатерін бәсеңдетуге де жәрдемдеседі.
  1. Дінаралық диалог диалогтың басқа түрлері, әсіресе, әлеуметтік жөне саяси диалог үшін үлгі ретінде қызмет ете алады.
  1. Төзімділік рухында негізделген диалог барлық адамдардың бір ғана ғаламды мекендейтінін атап көрсетеді. Бүл өмірдің кастерлілігі, адамның қадір-қасиеті жөне жаратылыстың тұтастығы сияқты белгілі бір ортақ құндылықтарды көздейді.
  1. Диалог діннің қоғамда өмірлік және сындарлы рөл атқаратындығын атап көрсетеді. Ол ортақ игілікке жәрдемдеседі, адамдар арасындағы өзара жақсы қарым-қатынастардың маңызды рөлін таниды, сондай-ақ мемлекеттің қоғамдағы ерекше рөлін құрметтейді.
  1. Діні мен мәдениеті әртүрлі адамдар арасындағы озық қарым-қатынастардан өнеге алуға мүмкіндік туғызатын диалог болашақ ұрпақ үшін іргелі кажеттілік болып табылады.

ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ

ЕКІНШІ СЪЕЗІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ

ДЕКЛАРАЦИЯСЫ

Біздер Қазақстан елордасы Астанада Екінші Съезге жиналған әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері:

 - Астана қаласында 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте өткен, әлемнің танылған діни лидерлерінің дінаралық келіссөзде маңызды бастаманы бастаған бірінші Съезд жеңісін дамытып;

 - әлемдік өркениеттің өзімен негізгі құрам бірлігін білдіретін әлемдік мәдениет, дін және этникалық топтардың өзара түсіністігін нығайтуға үлес қосқымыз және мәдени және діни айырмашылықтар негізінде  келіспеушіліктерді болдырмауға ұмтылып;

         - діннің адам өмірінің және қоғамның маңызды аспектілері ретінде жаңа мыңжылдық басында бейбітшілікті насихаттау мен сақтауда сапалы жаңа рөлге ие болуы керектігінен шығып;

 - діни лидерлердің қазіргі және келешек ұрпақты рухани тәрбиелеу мен тағылым беруде үлкен жауаптылығын, олардың қазіргі заманның жаңа сынақтары алдында өзара құрмет, түсіністік және бір бірін қабылдау рухын нығайтуға өздерінің маңызды ролін сезініп;

 - әр дін мен мәдениеттің ерекше сипатын растап, мәдени және діни түрлілікті адам қоғамының маңызды негізі ретінде қарастырып;

 - жазықсыз жапа шегуге әкеліп жатқан зорлық-зомбылықты ақтау үшін пайдаланылатын діни және ұлттық ерекшеліктерді пайдаланумен туындаған әлемдегі дінаралық және ұлтаралық қақтығыстардың өсуіне алаңдап;

 - экстремизм мен фанатизмнің дінді нақты тануға және зорлықты қабылдамайтын және өзге халықпен және өзге дін өкілдерімен құрмет және бейбіт қатар өмір сүруге шақыратын барлық діндер борышына ешбір қатысы жоқтығын көрсете отырып;

          - дінаралық және мәдениетаралық қатынастарда қиыншылықтардың халықаралық саясатты, экономикада, әлеуметтік, гуманитарлық және ақпараттық ортада орын алған елеулі теңгерімсіздіктен, сондай-ақ дінді саяси мақсаттарда пайдаланудан шыққан деп есептеп;

 - І «Дін еркіндігі мен өзге дін өкілдеріне құрмет»;

- ІІ. «Дін лидерлерінің халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» сияқты екі арнайы блоктар шегінде «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты Съездің негізгі тақырыбы айналасында жоғарыда аталған проблемалар бойынша талқылап және пікір білдіріп.

ғаламшардағы барлық дін ұстанатын және ізгі ниетті адамдарды:

- өзара қаскөздіктен, қақтығыстан, өшпенділіктен бас тартуға және өзара құрмет, шынайылық және мәдени, діни және өркениетті түрлілікті тану атмосферасында өмір сүруге шақырамыз;

 - дінді не алшақтататынына емес не біріктіретініне ерекше көңіл аударып өзге діни дәстүрлерді қабылдамау және өзіндік түсінуді, соқыр нанымдарды болдырмау үшін бірлесе күш салуға өз шешімімізді білдіреміз;

         - терроризмді барлық түрінде қабылдамайсыз, себебі әділдік адам қорқынышы мен қанынан құрыла алмайды, ал осы құралдарды дін атынан пайдалану мейірімділік пен келіссөзге шақыратын кез келген дін нормасынан алшақтайтындығын білдіреді;

         - діннің агрессиялық негізі туралы барлық жалған пікірлер мен қалыптасқан көзқарастарды, сондай-ақ қандай да бір дінді терроризммен байланыстырғысы келген әрекеттерді әшкерелейміз;

         - барлық дінді адам амандығын, намысы мен бірлігін уағыздаумен терроризмнің барлық себептерін жоюмен бірлесе еңбектенуге шақырамыз;

         - бір дін өкілдерінің басқаларына аударуға бағытталған қандай да бір қысым мен зорлық-зомбылық әрекеттерді қабылдамайтындығымызды жариялаймыз;

         - өзара түсіністікке, ынтымақтастық пен әлеуметтік үйлесімге қол жеткізу ісінде білімнің, жастар саясатын және жалпы мәдениетке тәрбиелеудің негіз құраушы рөлін растаймыз.

Біз сондай-ақ бүкіл әлемдегі халықаралық қоғамдарға, халықаралық және өңірлік ұйымдарға, мемлекеттер мен үкіметтерге мыналарды үндейміз:

 - өркениет келіссөз процесін белсенді қолдау, бейбітшілік мәдениетін нығайтуға бағытталған күшті үнемі қолдану, оның қағидаттарын халықаралық саясат пен барлық адамдар өмірінің берік негізі ретінде бекіту;

         - әділ әлем орнатуға, халықаралық құқық пен заңдылықты нығайтуға, БҰҰ қарарларын және халықаралық шарттарды орындауға, сондай-ақ бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін тиімді шаралар дайындауға жәрдемдесу;

- зорлық-зомбылық пен терроризм құрбандарына көмектесу және зорлық тудыратын наразылықты жою мақсатында бар тартыстарды әділ шешу жолдарын іздестіру үшін барлық құралдарды пайдалану;

- жаппай қыру қаруларын әзірлеуден, өндіру және иеленуден толық бас тарту, ОМП таралмау режимін нығайтуға жәрдемдесу;

- діни әулиелер мен белгілерді құрметтеу және қорғау, сондай-ақ ол үшін сәйкес шаралар қолдану;

Жоғарыда аталғандардан шығып Біздер, әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері, мынадай ШЕШІМГЕ КЕЛДІК:

- бірлескен кездесулер, семинарлар өткізу, БАҚ-та сөз сөйлеу, Интернет пен өзге құралдарды пайдалану жолымен дінаралық қатынастарды оң қабылдау мен таратуды ынталандыру бойынша нақты бірлескен шаралар қабылдау;

- жастар арасында дінаралық төзімділікті таратуға және оның жалпы адамзаттық құндылықтарды динамикалық қабылдануына жәрдемдесу;

- жастарға діни және мәдени айырмашылықтарды құрметтеу және өшпенділіксіз қабылдауға көмектесу үшін барлық білім беру деңгейлерінде оқу жоспарларына өркениеттер мен діндер арасында келіссөз практикасын біріктіру;

- бейбітшілікті, қауіпсіздік пен  тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ түрлі діни қоғамдастықтар арасында проблемалардың алдын алу және шешуде бірлескен үлес үшін байланыстарды нығайтуға біздің діни бірлестіктердің өзіндік рухани әсерін, билігі мен ресурстарын пайдалану;

- біздің тәжірибе мен күштерімізді дау-дамайға тартылған үкіметтер, халық, түрлі топтар мен күштерге шиеленістерді төмендетуге көмектесу үшін ұсыну және қажет жағдайда олармен келіссөздер жүргізу үшін бірлескен делегациялар қалыптастыру;

- осы Декларацияда жарияланған мақсаттарды насихаттау және іске асыру үшін күш салу және Съезд Хатшылығына осы ұсынымдарды өмірге тиімді түрде енгізу жоспарын әзірлеуді жүктеу;

- Діни лидерлер Форумын тұрақты негізді өткізіп отыру және әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІІ Съезін 2009 жылы өткізу;

- БҰҰ Бас ассамблеясының көңілін өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасында келіссөздерді жылжытудағы Съездің концептуалды және практикалық рөліне және оның дінаралық өзара түсіністіктегі елеулі қол жеткізулеріне және Съезд қызметін әрі қарай қолдауға көңілін аудару керек.